Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және
табиғи ресурстар
министрлігі
|
бұйрығымен бекітілген
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу және беру «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында:
124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«124. Органикалық өнімді тасымалдауға арналған барлық көлік құралдарын пайдалануға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жол беріледі.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.».