«Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Внести «Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22387 тіркелген) бұйрығына өзгерістер енгізілсін:

         преамбула келесідей өзгертілсін:

«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

            көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларында:

         1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «1. Осы Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 32-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және астықтың резервтік қорын басқару тәртібін айқындайды.»;

         6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «6. Астықтың резервтік қорын сақтау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 1 маусымдағы № 178 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 22952 болып тіркелген) бекітілген «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорындарында жүзеге асырылады.»;

         16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «16. Астықтың резервтік қорының сандық және сапалық жай-күйін бақылау Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.».

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы миинстрі

 

 

Е. Қарашөкеев

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

 

Бұйрық жобасы
Дата публикации
03 марта 2023