«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі

бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11595 тіркелген) бұйрығына өзгерістер енгізілсін:

  преамбула келесідей өзгертілсін:

  «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

         осы бұйрықпен бекітілген, қоса беріліп отырған астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі, осы бұйрықтағы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

         астық қолхаттарын бере отырып қойма қызметтерін көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына қосымша және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы миинстрі

 

 

Е. Қарашөкеев

 

 

 

Бұйрық жобасы
Дата публикации
03 марта 2023