«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

 

«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы  жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

  1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

Қаулы жобасын қабылдауға Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 130-бабы және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 51-бабы негіз болып табылады.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисап, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді.

Қаулы жобасын іске асыру кезінде «Азиялық Газқұбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған 229 908 (екі жүз жиырма тоғыз мың тоғыз жүз сегіз) теңге мөлшеріндегі орман шаруашылығы өндірісі шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтейді. 

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларға әкеп соқпайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтиже мерзімі.

Осы «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінен жалпы алаңы 7,0094 гектар жер учаскесi өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстыруды көздейді.

Орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру қажеттілігі «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбыры «С» желісінің жер үстіндегі объектілерін салу үшін жер учаскесін одан әрі беру мақсатында туындайды.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижесі туралы мәліметтер.

Қабылданған жоқ.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Қажет етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат.

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі).

Қаулы жобасы Министрліктің moa.gov.kz интернет-ресурсында 2023 жылғы 15 ақпанда және ашық нормативтік құқықтық актілердің legalacts.egov.kz интернет-порталында 2023 жылғы 15 ақпанда орналастырылды (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файл – 110,7 кБайт).

  1. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат.

Қаулы жобасына баспасөз-релизі Министрліктің moa.gov.kz интернет-ресурсында 2023 жылғы 15 ақпанда орналастырылды (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файл – 19,5 кБайт). 

  1. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

  1. Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисап нәтижесі.

Қажет етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестері мүшелерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесі.

Қажет етілмейді.

  1. Мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.

Қажет етілмейді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі                                                                  Е. Қарашөкеев

Дата публикации
15 февраля 2023