Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә.А. Смайыловқа
«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
- Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ).
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері.
Қаулы жобасының қабылдануына Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 130-бабы және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 51-бабы негіз болып табылады.
- Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисап, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды қажет етпейді.
Қаулы жобасын іске асыруда «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған 178 420 (бір жүз жетпіс сегіз мың төрт жүз жиырма) теңге мөлшеріндегі орман шаруашылығы өндірісінің шығасыларын, 20 700 (жиырма мың жеті жүз) теңге мөлшеріндегі сүрек шығасыларын республикалық бюджет кірісіне өтейді.
- Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.
Қаулы жобасының қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларға әкеп соқпайды.
- Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтиже мерзімі.
Осы «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасында «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері санатынан жалпы алаңы 9,255 гектар жер учаскелерін өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстыру көзделеді.
Жерлерді ауыстырудың мақсаты – республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автомобиль жолының 0-184 шақырымның 120-184 шақырымындағы учаскесін реконструкциялау (салу) үшін екінші кезек-180-184 шақырымның учаскесінің реконструкциясы (2 іске қосу кешені).
- Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижесі туралы мәліметтер.
Жоқ.
- Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.
Қажет етілмейді.
- Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
- Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.
Рұқсат етіледі.
- Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі).
Қаулы жобасы ҚР АШМ-ның gov.kz интернет-ресурсында және https://open.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылғы 17 қантарда орналастырылды (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файл – 128 512 байт).
- Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат.
Қаулы жобасына баспасөз релизі ҚР АШМ-ның gov.kz ресми сайтында 2021 жылғы 17 қантарда орналастырылды (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі файл – 27 206 байт).
- Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Сәйкес келеді.
- Жобаның қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисап нәтижесі.
Қажет етілмейді.
- Қазақстан Республикасы Үлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі.
Қажет етілмейді.
- Мемлекеттік органда қоғамдық кеңесті құру «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда, егер Үкімет қаулысының жобасы азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымымен келіспеу себептерінің негіздемесі.
Қажет етілмейді.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев