Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы елді мекенінің шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерлерінен жалпы алаңы 32,3 гектар жер учаскелері елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын.
- Батыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен елді мекендер шекараларын (шегін) өзгерту үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.
- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
- Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов