2022 жылдың 3 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында, Министрлік қызметкерлері арасында анонимді сауалнама жүргізілді.

Анонимді сауалнама келесі бағыттағы сұрақтарды қамтыды, еңбектің нормалануы, еңбек жағдайына қанағаттануы, мемлекеттік органдағы басқарушылық тәжірибелер, меритократияны сақтау, мемлекеттік органдағы ашықтық, әдеп және ұжымдағы өзара қарым-қатынас.

Жалпы, сауалнамаға Министрліктің 123 қызметшілері қатыса, олардың 28 респондент немесе 22,8%-ы басшылық құрамнан, ал қалған 95 респондет немесе 77,2%-ы орындушылардан (42,3%-ы ер және 57,7-әйел) құралды.

Анонимді сауалнама қорытындысы бойынша, Министрлік ұжымындағы атмосфера тек іскерлік ахуалда өзара сыйластық орташа деңгейде екенін көрсетті.

Нақты айтқанда, Министрліктің қызметкерлерінің 84 респодент немесе 68,3%-ы (2021: 59,5%) ұжымда моральдық-психологиялық ахуал ұнайтындығын көрсетсе, ал қалған 29 респондент немесе 23,6%-ы (2021: 17,3%) тұрақты еместігін немесе 8,1%-ы (2021: 23,1%) мүлдем қолайсыздығын білдірді.

Дәл осы көріністі 2021 жылғы жүргізілген анонимдік сауалнама қорытындысымен салыстырғанда, 8,8%-ға ұжымда моральдық-психологиялық ахуал жақсарғандығы анықталды.

Жүргізілген анонимдік сауалнаманың нәтижесінде көрсетілгендей Министрлік ұжымында моральдық-психологиялық ахуалдардың көрсеткіш деңгейі түсуінің себептері келесідей:

  • Министрліктің штат санының қысқартылуы

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, өткен жылы мемлекеттік аппарат саны 15% - ға қысқартылды. Бұл ретте, министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың штат санының лимиттері өзгерді.

Осы орайда, қысқартуға түскен біршама мемлекеттік қызметшілерге заңнамалық талаптарға сай төмен тұрған мемлекеттік лауазымдар ұсынылды.

  • ФБШ енгізілуі

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жыл сайынғы Жолдауына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкала (ФБШ) енгізілді, ол еңбекақы төлеу жүйесін түбегейлі өзгертті.

Нақтырақ айтсақ, « «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысының немесе «Б» корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар «А», «В» және «С» функционалдық блоктарына бөлінді.

  • Еңбек жағдайларын жақсарту қажеттілігі

Өздеріңіз білетіндей, биылғы жылдың басында Министрлік Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы мен Министрлік арасында жасалған шартқа сәйкес жаңа ғимаратқа көшіп келді, онда Министрлікке барлығы 4 593,7 м2 берілді, оның ішінде 3 043,5 м2 кабинеттік пайдалы алаң.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерді заттай және санитарлық нормаларға сәйкес, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және орналастыру үшін Министрлік ғимаратының жоғарғы қабаттарын сатып алу мәселесі шешілуде.

Бұл факторлар, әрине, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға әсер етеді, нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлер арасында кейбір жағымсыз пікірлер туындайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінде және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы заңында көрсетілген нормаларды қамтамасыз ету мақсатында департаменттердің, комитеттердің барлық басшыларына келесідей ұсыныстар ұсынылды:

- қызметкерлерге жүктемені біркелкі бөлу;

- жұмыскерлерді демалыс, мереке күндері жұмысқа тарту және үстеме жұмысқа тарту практикасын қысқарту. Бұл ретте жұмыс қорытындыларын айқындай отырып, қызметкерлердің өз жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету. Әсіресе, үстеме жұмыс аймағында жүйелі түрде жүрген адамдарға назар аудару қажет;

- бағынысты қызметшілермен профилактикалық әңгімелер жүргізу арқылы жанжалды жағдайларды болдырмау және болдырмау мақсатында дереу пәрменді шаралар қабылдауға;

- Әдеп жөніндегі уәкілмен тығыз ынтымақтастық орнатуға, ұжымдағы жағымсыз жағдайларды шешуде немесе алдын алуда кәсіби қолдау сұрауға;

- Әдеп жөніндегі уәкілдің ұжыммен түсіндіру жұмыстарын жүргізуіне жәрдем көрсету;

- ұжымда тек қана іскерлік қарым-қатынас құруға ықпал ету, әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен дұрыстықта бағыныштыларға үлгі болу;

- сеніп тапсырылған ұжымдарда корпоративтік мәдениет деңгейін көтеру;

- басшылық тарапынан бағынушыларға немесе қызметкерлер арасында әдепсіз (дөрекілік, қорлау, әдепсіз тіл, қол көтеру) әрекеттерге жол бермеу;

- корпоративтік мәдениет пен рухты қалыптастыру үшін ашық ауада тимбилдингті ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру.

         Сонымен қатар, аталған ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бір тоқсан өткеннен кейін Министрлік ұжымының моральдық-психологиялық ахуалына қайта талдау жүргізілетін болады, ол бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі айқындалатын және ұжымдағы қолайлы жағдайды қалпына келтіру бойынша басшы құрамға баға берілетін болады.

         Бұдан басқа, Министрліктің ресми интернет-ресурсында Әдеп жөніндегі уәкіл, оның функционалдық міндеттері және мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдарды қабылдау күндері туралы ақпарат жарияланды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілермен тиісті іс-шаралар жүргізіледі.

Министрліктің 3 комитетінде және 20 облыстық (қалалық) аумақтық инспекцияларда қоса атқаратын Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары
40 қызметкерге бекітілді.

2022 жылғы 21 қазанда Әдеп жөніндегі уәкілдермен бірлесіп әдеп нормаларын күшейту жөнінде кеңес өткізілді.

Бұдан басқа, құрылымдық бөлімшелер мен Комитеттердің мамандарымен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

5 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ Министрліктің 20 қызметкерімен мемлекеттік қызметтің имиджіне қатысты басқа да мәселелер бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.

Есепті кезеңде Әдеп жөніндегі уәкілдер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің - 186 талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсетті, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша - 1, Жеке және заңды тұлғалардан 1 өтініш келіп түсті, Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды - 7 қызметкер, 478 - түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар (дәрістер мен семинарлар, БАҚ-та мақала жариялау, интернет-ресурстарда 129.

Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтау Министрліктің қатаң бақылауында тұр.

2022 жылдың 3 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Дата публикации
09 ноября 2022