Алматы облысы
Облыс суармалы жерлерінің жалпы алаңы есепті жылы 584,1 мың га құрады, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне олардың 476,1мың га пайдаланылды, 108,0 мың га (18%) пайдаланылмады. Суармалы жерлердің игерілмеуінің себептері: су басу мен батпақтану - 4,6 мың га алаңда, топырақ жамылғысының сортаңдануы - 5,1мың га, шаруашылық-қаржылық - 72,4 мың га және суландыру желісінің бұзылуы себебінен – 25,9 мың га (Кесте 1).
Суармалы жерлерде майлы дақылдар 322,3 мың га, дәндік –1045,85 мың га, көкөніс, бақша, картоп – 202,62 мың га, техникалық – 11,2 мың га өсірілді, күріш егістігі 10,6 мың га алды. Сояның орташа түсімділігі 24,6 ц/га, бидай – 16,3 ц/га, дәндік жүгері – 72,6 ц/га, күріш– 35,7 ц/га, қант қылшасы –334,0 ц/га құрады.
Гидрогеологиялық жағдайлар бойынша облыстың суармалы жерлерінде ыза сулары 354,1мың га (61%) алаңда 3 м астам тереңдікте жатты, ыза суларының жату тереңдігі 1 бастап 3 м дейінгі алаңдар 217,7 мың га (36%) алды. Ыза суларының жату тереңдігі 1 м дейінгі алаңдар 12,3 мың га (3%) құрады, олар көбінесе Алакөл, Іле, Жамбыл, Көксу, Ақсу, Еңбекшіқазақ аудандарында ұсынылған.
Минералдану дәрежесі бойынша облыста тұщы, аздап сортаңданған және сортаңданған ыза сулары таралған. Минералдануы 1 г/дм3 дейінгі ыза сулары 308,3 мың га (53%) таралған, 1 бастап 3 г/дм3 дейін – 225,0 мың га (38%) және 3 бастап 5 г/дм3 дейін – 50,8 мың га (9%) таралған (Кесте 2).
Алматы облысының шегінде топырақ жамылғысы көбінесе сортаңданбаған кәдімгі сұртопырақтар мен ашық сұртопырақтармен ұсынылған, сонымен қатар қаралау-талшын, ашық-талшын, тақырлы, шалғынды-сұртопырақты топырақтар және сортаңдармен ұсынылған. Облыс аумағында түрлі дәрежеде сортаңданған суармалы жерлердің алаңы 204,3мың га құрады, олардың ішінде аздап сортаңданғандар 65,2мың га, орташа сортаңданғандар – 124,1мың га және күшті сортаңданғандар – 15,0мың га алады. Күшті сортаңданған жерлердің үлкенірек бөлігі Жамбыл, Ақсу, Талғар, Ұйғыр және Алакөл аудандарында орналасқан.
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйі негізгі гидрогеологиялық және топырақ-мелиорациялық көрсеткіштер бойынша бағаланды: ыза суларының жату тереңдігі мен минералдануы, сонымен қатар топырақ жамылғысының сортаңдану дәрежесі. Жақсы мелиорациялық жай-күймен сипатталатын суармалы жерлер облыс аумағының үлкен бөлігінде ұсынылған және 371,8мың га (64%) алады. Мелиорациялық жай-күйі қанағатты жерлер 189,4мың га (32%) алаңда ұсынылған. Мелиорациялық жай-күйі қанағатсыз жерлер 22,9 мың га (4%) алаңда ұсынылған, олар көбінесе Ақсу, Алакөл, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле және Көксу аудандарында кездеседі. Мұнда ыза суларының жату тереңдігі біршама жақын болғанда (1,0м) және минералдануы 3,0 г/дм3 және одан асқанда күшті және өте күшті сортаңданған топырақтар таралған. Бұл суармалы жерлер батпақтану, су басу мен қайта сортаңдану тәрізді жағымсыз процесстердің пайда болуына бейім.
Жамбыл облысы
Бақылауға алынған суармалы жерлердің (Шу, Талас, Жамбыл, Сарысу, Жуалы және Байзақ аудандарының) жалпы алаңы облыста 140,1 мың га құрайды, олардың 126,1 мың га (90%) түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылды және 14,0мың га (10%) пайдаланылмады. Жерлер келесі себептермен пайдаланылмады: ішкішаруашылық суландыру жүйесінің қанағатсыз жағдайы – 10,3 мың га, топырақ жамылғысының сортаңдануы – 2,9мың га, су басу мен батпақтану – 0,05мың га және шаруашылық-қаржылық себептер – 0,8 мың га. Пайдаланылмайтын жерлердің ең үлкен алаңы Шу және Талас аудандарында орналасқан.
Егістік алаңдарының құрылымында ең үлкен меншікті салмақты жемшөптік дақылдардың егістігі алды, ол 46,59мың га құрады, көкөністер, бақша мен картоп 39,95 мың га, дәнді дақылдар – 14,99 мың га және көпжылдық шөптер – 14,3 мың га алды. Қант қылшасының орташа түсімділігі 252,9 ц/га, дәндік жүгерінің түсімділігі – 56,9 ц/га, бидайдың түсімділігі – 28,2 ц/га құрады.
Гидрогеологиялық жағдайлар бойынша бақылауға алынған суармалы жерлердегі ыза сулары 80,3 мың га алаңда 3 м астам тереңдікте жатты (57%). Бұл жерлер мелиорациялық қатынаста аса қолайлы ретінде сипатталады. Жату тереңдігі 1 бастап 3м дейінгі ыза сулары 54,7 мың га (38%) алаңда таралған және тереңдігі 1,0 м аз – 5,1 мың га (5%).
Минералдану дәрежесі бойынша облыстың суармалы жерлерінде тұщы және аздап сортаңданған ыза сулары таралған. Ыза суларының минералдануы 1 г/дм3 дейінгі алаңдар 83,0 мың га (59%) анықталды, минералдануы 1 бастап 3г/дм3 дейінгі алаңдар – 46,9 мың га (33%) және минералдануы 3г/дм3 жоғары – 10,3 мың га (8%).
Облыстың топырақ жамылғысы аймақтық топырақтардың сан алуан түрлерімен ұсынылған – ашық сұртопырақтар, сұртопырақты-шалғынды, шалғынды-сазды және сазды топырақтар, сонымен қатар сортаңдар. Мониторинг жүргізілген аудандардағы орташа дәрежеде сортаңданған суармалы жерлердің алаңы 6,8 мың га (5%), күшті сортаңданғандар – 3,4 мың га (3%) құрады. Бақылау аймағындағы қалған суармалы жерлер сортаңданбаған немесе аздап сортаңданған жерлердің санатына жатады.
Бақылау алаңындағы суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйі 70,1 мың га (50%) алаңда жақсы ретінде бағаланады. Мелиорациялық жай-күйі қанағатты санатқа жатқызылған жерлер 35,5 мың га (25%) алаңда анықталған, ал қанағатсыз жерлердің санатына 34,6 мың га (25%) жатқызылды. Мелиорациялық жай-күйі қанағатсыз жерлердің көбісі облыстың Жамбыл, Байзақ, Талас аудандарында ұсынылған.
Түркістан облысы
Облыс суармалы жерлерінің жалпы алаңы 574,4 мың га құрайды, олардың 515,6 мың га (90%) ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылды және 58,8 мың га (10%) пайдаланылмады. Жерлер келесідей себептер бойынша пайдаланылмады: ыза суларының жақын жатуы – 4,8 мың га, жерлердің сортаңдануы – 7,9 мың га, сумен жеткіліксіз қамтамасыз ету – 14,6 мың га және түрлі шаруашылық-қаржылық себептермен – 31,5 мың га.
Егістік алаңдарының құрылымында суармалы жерлерде ең үлкен алаңды мақта егестігі алды, ол 125,5 мың га құрады, жемшөптік дақылдар – 117,6 мың га, көкөніс, бақша, картоп – 113,3 мың га, дәнді дақылдар – 70,2 мың га, көпжылдық шөптер 64,2 мың га алды. Күріш егістігіне 4,1 мың га пайдаланылды. Мақтаның түсімділігі облыс бойынша орташа есеппен 25,1 ц/га құрады, картоп – 191,2 ц/га, дәнді дақылдар – 25,7 ц/га, күріш – 66,8 ц/га құрады.
Гидрогеологиялық жағдайлар бойынша мұнда ыза сулары режимінің ирригациялық түрі тән. Ыза суларының ең жоғары дәрежелері – ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациялық суарулары мен күздік-қыстық шаюлар жүргізілетін суармалы жерлерде байқалады. Ыза сулары деңгейінің жату тереңдігі 1,0м дейінгі алаңдар 7,6 мың га құрады, 1,0 бастап 3,0 м дейін – 180,0 мың га және 3,0 бастап 5,0 м дейін және одан астам – 386,8 мың га.
Ыза суларының минералдану дәрежесі бойынша тау етегіндегі аймақта орналасқан аудандарда ыза суларының жату тереңдігі 3-5 м, олардың минералдануы 1-3 г/дм3 аспайды. Жайпақ-еңісті жазықтықтарда орналасқан жерлерде, өзендердің төменгі террасаларында минералдану 3 бастап 5 дейінгі шамада өзгереді, ал кей жағдайларда 5 г/дм3 асады. Минералдануы 1 г/дм3 дейінгі ыза сулары 160,4 мың га алаңда тараған, 1 бастап 3 г/дм3 дейін – 345,5 мың га, 3 бастап 5 г/дм3 дейін – 50,4 мың га, 5 г/дм3 астам – 18,1 мың га. Суландыру жүйелерін төмен деңгейде пайдалану мен кәріздеу жүйелерінің нашар қызмет атқаруы жағдайларында аса жоғары минералданған ыза суларының алаңдары ұлғаяды.
Түркістан облысының аумағы топырақтардың түрлері мен түршелерінің сан алуандығымен сипатталады, қаралау және ашық сұртопырақтардан бастап шалғынды-сұртопырақты және шалғынды топырақтарға дейін кездеседі. Облыс суармалы топырақтарының басты ерекшелігі ондағы қорек элементтерінің төмен құралуы болып табылады. Облыстың суармалы жерлерінде сортаңданбаған топырақтар 396,1 мың га (69%) алаңда, аздап сортаңданғандар – 77,0 мың га (13%), орташа сортаңданғандар – 60,0 мың га (11%) және күшті сортаңданғандар – 41,3 мың га (7%) таралған. Күшті және өте күшті сортаңданған жерлердің көбісі Жетісай, Отырар, Шардара, Мақтарал аудандарында анықталған.
Мелиорациялық жай-күй көрсеткіштері бойынша облыс суармалы жерлері 185,5 мың га алаңда – жақсы, 166,6 мың га – қанағатты және 222,3 мың га – қанағатсыз санатқа жатқызылған.
Қызылорда облысы
Облыс суармалы жерлерінің жалпы алаңы 252,0 мың га құрайды, олардың ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне 194,9 мың га пайдаланылды. Есепті жылы 57,0 мың га суармалы жерлер келесі себептер бойынша пайдаланылмады: жерлерді су басу – 4,2 мың га, сортаңдану
– 0,3 мың га, суландыру және коллекторлы-кәріздеу желісінің бұзылуы
– 1,04 мың га, суландыру каналдарының атыздарды басқарумен қамтамасыз етілмеуі – 2,7 мың га және түрлі шаруашлық-қаржылық себептермен – 48,8 мың га.
Облыстың егістік алаңдарының құрылымында дәнді, көкөніс, жемшөптік дақылдар басым болды. Дәнді дақылдардың егістігі 99,9 мың га алды, олардың ішінде күріш егістігінің алаңдары 89,5 мың га жетті. Күріштің орташа түсімділігі 61,8 ц/га, дәндік жүгері – 40,4 ц/га, күздік бидай – 22,7 ц/га, арпа – 4,5 ц/га, тары – 27,9 ц/га, көпжылдық шөптер – 54,4 ц/га, картоп – 173,7 ц/га құрады.
Гидрогеологиялық жағдайлар бойынша суармалы жерлердегі ыза сулары 0,3 мың га (1%) алаңда 0 бастап 1м дейінгі тереңдікте жатты, 1,0 бастап 3 м дейін – 215,4 мың га (85%) және 3,0 бастап 5,0 м дейін және одан астам – 36,3 мың га (14%). Ыза суларының жақын жатуы әрдайым су басу жағдайында өсірілетін күріштің үлкен алаңдарымен түсіндіріледі.
Облыстың суармалы жерлерінде гидрогеологиялық-мелиорациялық жағдайды анықтайтын негізгі белгі ыза сулары қауызының ағынсыздығы болып табылады және ол ыза сулары мен ауалану аймағындағы топырақ грунттарында тұздардың едәуір қорының жиналуының салдары болып табылады. Минералдану дәрежесі бойынша суармалы жерлерде 1 бастап 3 г/дм3 дейін – 103,2 мың га (41%), 3 г/дм3 астам – 148,8 мың га (59%) таралған.
Топырақ бейінінің сортаңдану дәрежесі бойынша сортаңданбаған және аздап сортаңданған жерлер 110,2 мың га, орташа сортаңданғандар – 85,6 мың га және күшті сортаңданғандар –56,3 мың га анықталды.
Негізгі гидрогеологиялық және топырақ-мелиорациялық көрсеткіштер бағаланатын суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйі 110,2 мың га алаңда жақсы, 85,6 мың га қанағатты және - 56,3 мың га қанағатсыз ретінде анықталды.
Негізгі су көздері бойынша ағыстың тұрақсыздығына байланысты және осы кезде пайда болатын ауыл шаруашылығы дақылдарын суару барысындағы қиындықтар, сонымен қатар мелиорациялық жағдайды жақсарту және суармалы жерлердің түсімділігі мен өнімділігін арттыру үшін бірқатар іс-шараларды жүргізу ұсынылады: