Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Гидрогеологиялық-мелиоративтік қызметінің суармалы жерлердің мемлекеттік мелиоративтік мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат

2021 жылы жоспарға сәйкес жалпы мемлекеттік мелиоративтік мониторингімен 1566,4 мың га суармалы жерлер қамтылды, оның ішінде тұрақты мониторингпен Алматы облысы бойынша 584,3 мың га, Жамбыл облысының алты ауданы бойынша - 140,0 мың га, Түркістан облысы - 574,4 мың га (оның ішінде 25,3 мың га Шымкент қ. аумағындағы суармалы жерлер) және Қызылорда облысы бойынша – 250,0 мың га. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Гидрогеологиялық-мелиоративтік қызметі Шығыс Қазақстан (4,8 мың га), Ақмола (1,2 мың га), Павлодар (3,6 мың га), Батыс Қазақстан (2,2 мың га), Қарағанды ​​(0,9 мың га) облыстарындағы ИДЖЖЖ-1 және Жамбыл (5,0 мың га) мен Түркістан (67,3 мың га) облыстарындағы ИДЖЖЖ-2 нысандарында экологиялық мониторинг жұмыстарын жүргізді.   

Есепті 2021 жылы мелиоративтік мониторинг нәтижелері бойынша тұрақты  мониторингпен қамтылған жалпы көлемі 1548,7 мың гектар Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстары және Жамбыл облысының алты ауданы суармалы жерлерінің 761,4 мың га (49%) мелиоративтік жағдайы жақсы, 477,0 мың га (31%) суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы қанағаттанарлық және 310,3 мың га немесе 20% суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы қанағаттанарлықсыз деп  бағаланды. Мелиоративтік жағдайы қанағаттанарлықсыз суармалы жерлердің басым бөлігі (200,2 мың га) Түркістан облысында орналасқан, атап айтқанда, Мақтаарал, Жетісай, Шардара және Отырар аудандарында. Бұл аудандарда  суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы аумақтың геологиялық құрылымына, сондай-ақ гидрологиялық және ирригациялық факторларға байланысты.

Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын бағалауда жер асты суларының деңгейі (ЖАСД) мен тұздылығы, сондай-ақ топырақ жамылғысының тұздану дәрежесі сияқты негізгі гидрогеологиялық және топырақ-мелиоративтік көрсеткіштері есепке алынды. Кестеде облыстар бойынша суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы туралы мәліметтер келтірілген.  

Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы, мың га*

Облыс атауы

Суармалы жерлердің көлемі

оның ішінде  мелиоративтік жағдайы бойынша

жақсы

 

 

қанағат-танарлық

қанағаттанарлықсыз

 

жалпы

 

 

оның ішінде, төмендегідей  себептермен

шектеулі деңгейден жоғары ЖАСД

топырақтың тұздануы

шектеулі деңгейден жоғары ЖАСД мен топырақ тұздануы

жер бетінің еңістігі

> 0,05

Алматы

584,3

370,7

189,0

24,6

-

16,4

8,2

-

Жамбыл

140,0

72,2

32,3

35,5

25,5

6,9

3,1

-

Түркістан

574,4

202,1

172,1

200,2

68,5

56,6

42,7

32,4

Қызылорда

250,0

116,4

83,6

50,0

3,8

17,6

28,6

-

Барлығы

1548,7

761,4

477,0

310,3

97,8

97,5

82,6

32,4

 

Ескертпе * - ИДЖЖЖ-1 және ИДЖЖЖ-2 нысандарының жерлерісіз.   

Соңғы бес жылдағы суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы туралы мәліметтерді талдау нәтижесінде мелиоративтік жағдайы қанағаттанарлықсыз жерлердің 316,7 мың гектардан 310,3 мың гектарға дейін қысқарғаны көрінеді.

Бұл әрине суармалы алқаптарда ірі инвестициялық жобалар аясында және су шаруашылығы мекемелерінің өздерінің пайдалану шығындары есебінен суару және коллекторлық-дренаждық жүйелерді қалпына келтіру немесе қайта құру жұмыстарын орындау нәтижесінде, сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау (ЖЖМ, минералды тыңайтқыштарға, суды үнемдейтін суару жүйелерін кешенді салуға инвестициялық субсидияларға, техникаларды лизингке сатып алуға және т.б.) арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің агротехникалық шаралар кешенін сақтауын жақсартуына байланысты.  

Жалпы, еліміздің төрт оңтүстік өңірінде орналасқан мелиоративтік мониторингпен қамтылған суармалы жерлерде ең өмірлік маңызды және жоғары рентабельді (көкөніс, майлы, жеміс-жидек) ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілетінін айта кеткен жөн.

 Мелиорация саласындағы ғылыми негізделген ұсыныстар мен әзірлемелердің негізінде мелиоративтік жағдайы қанағаттанарлықсыз суармалы жерлерді жақсарту, сондай-ақ олардың құнарлылығын сақтау және арттыру мақсатында келесі мелиоративтік шараларды орындау ұсынылады:

- жер асты суларының денгейі шектен тыс жоғары (0-2 метр) болған 97,8 мың га суармалы жерлерде фильтрациялық ысыраптарды азайту және аумақты құрғатуды жақсарту (улучшение дренированности территории) мақсатында суару және коллекторлық-дренаждық жүйелерді қалпына келтіру қажет;

- орташа және күшті дәрежеде тұзданған 108,1 мың га суармалы жерлерде қыс айларында 8,0-12,0 мың м3/га мөлшерінде (топырақтың механикалық құрамына байланысты) ағымдағы және күрделі сор шаю жұмыстарын (тік дренажды ұңғымалар іске қосылуымен) жүргізу қажет;

- әлсіз дәрежеде тұзданған 72,2 мың га суармалы жерлерде көктем айларында 2,5-4,0 мың м3/га мөлшерінде (топырақтың механикалық құрамына байланысты) профилактикалық және ылғалдандыратын сор шаю жұмыстарын (тік дренажды ұңғымалар іске қосылуымен) жүргізу қажет;

- жер бетінің еңістігі жоғары (>0,05) 32,4 мың га суармалы жерлерде эрозияға қарсы іс-шараларды жүргізу, яғни ұсынылған ауыспалы егіс пен суару техникасын сақтау (суару ағыны = 0,01 - 0,02 л/с, жүйек ұзындығы = 30-50 м), әсіресе жабық желі арқылы машиналық су беру әдісімен тамшылатып, жаңбырлату секілді су үнемдеу технологияларын қолдану қажет;

- су жетіспейтін барлық жерлерде және жалпы су ресурстарының тапшылығы үнемі өсіп келе жатқаның ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын суарудың су үнемдейтін әдістері мен технологияларын енгізу, сондай-ақ коллекторлық-дренаждық суларыны ішінара қайта пайдалану (тұздылығы 2 г/л дейін араластырмай, ал тұздылығы 2 г/л жоғары болған суларды тұщы өзен суымен араластыру пропорцияларын сақтай отырып) жұмыстарын белсендіру қажет.

Сонымен қатар, су және жер ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру, әсіресе ылғал сүйгіш ететін  дақылдар (күріш, мақта) алқаптарын қысқарту арқылы оларды ылғалды аз қажет ететің және жоғары рентабельді дақылдармен (азықтық, көкөніс, майлы дақылдар, жеміс-жидек) ауыстыру жұмыстын жалғастыру қажет.

Мелиоративтік мониторингпен қамтылған суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы туралы әр облыстың аудандар мен ауылдық округтері бойынша (картографиялық материалдармен бірге) толық ақпараттар үш мамандандырылған мекемелердің мұрағатында сақталады және бұл ақпараттық деректер базасы мелиоративтік жұмыстарды жобалау кезінде пайдаланылады. 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Гидрогеологиялық-мелиоративтік қызметінің суармалы жерлердің мемлекеттік мелиоративтік мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
13 июля 2022