Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтер бағаларының жобасын талқылау бойынша Жария тыңдаулар өткізеді: Өткізу күні, орны және уақыты: 2022 жылғы 25 шілде Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 56/1, 2-қабат, мәжіліс залы, басталуы сағат 15-00-де. Қызмет көрсету түрлері: карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою бойынша: бақша дақылдарының зиянкестері (қауын шыбыны) және арамшөптердің карантиндік түрлері. Мемлекеттік монополия субъектісінің атауы – ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» РМК, БСН 990640001330 Байланыс телефондары: 8 7172 725 938; 8 7172 555 933. Электрондық мекенжайы: rgp_karantin@mail.ru. Қатысушыларды тіркеу тыңдау өткізілуіне дейін 24 сағат бұрын аяқталады.
публичка казДата публикации
05 июля 2022