Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу

БҰЙЫРАМЫН: 

  1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Бұйрығымен бекітілген

 

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң кейбір бұйрықтардың тізбесі

  1. «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/848 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12243 болып тіркелген):

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы қағидаларында:

         1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Ветеринария туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар айқындайды.»;

7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-84 бұйрық) бекітілген нысан бойынша берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды).»;

12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бірінші және екінші топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24809 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес ұйымдастырады.»;

  1. Өндіруші ғимараты мен қоршау арасында санитариялық-қорғаныш аймағы орналасады, оның өлшемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 болып тіркелген) бекітілген «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 наурыздағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес айқындалады.»;

149-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) № ҚР ДСМ-84 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;».

  1. «Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11837 болып тіркелген):

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі - талаптар) «Ветеринария туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес әзірленген, мамандандырылған фермаларда (кешендерде, құс фабрикаларында), бордақылау алаңдарында (бұдан әрі - өндіріс объектісі) жануарларды өсіруді, өткізуді және оларды ішкі сауда объектілерінде (бұдан әрі - жануарларды өткізу объектісі) өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды белгілейді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 наурыздағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес өндіріс объектілерінің аумағын елді мекендерден санитариялық-қорғау аймағымен бөледі.

Адамдар мен жануарлардың бақылаусыз өтіп кетуіне тосқауыл қою үшін өндіріс объектісінің аумағы биіктігі кемінде 2 метр (бұдан әрі - м) қоршаумен қоршалады, ал жол жүру бөлігі қатты су өтпейтін жол-құрылыс материалымен жабылады.

  1. «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12208 болып тіркелген):

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 46-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды айқындайды.»;

55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«55. Өндірістік үй-жайлардың жиыны мен алаңдары, тоңазытқыш камералар, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, еден жабындары, қабырғалар, төбелер немесе төбе қаптамалары, есіктер, технологиялық жабдықтардың орналасуы, сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру, жылыту, желдету, жабдықтар, мүкәммал ыдыс, сүт және сүт өнімдерін өңдіру, сақтау және тасымалдау шарттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22673 болып тіркелген) бекітілген «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) белгіленеді.»;

74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«74. Үй-жайлардың күтіп-ұстау және пайдалануға беру, жобалау, жөндеу, сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру, жылумен жабдықтау, желдету, ауа баптау, жабдықтар, еңбек жағдайы, жануарлардан алынатын өнімді қабылдау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу, өлшеп орау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23856 болып тіркелген) бекітілген «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес болады.»;

79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«79. Өндіріс объектілерінің аумағы елді мекендерден санитариялық-қорғаныштық аймақтармен бөлінеді. Санитариялық-қорғаныштық аймақтардың мөлшері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 наурыздағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес айқындалады.

Адамдар мен жануарлардың бақылаусыз өтуіне бөгет жасау үшін өндіріс объектісінің аумағы биіктігі 2 метрден кем емес қоршаумен коршалады, ал жүріп өту бөлігіне қатты су өткізбейтін жол-құрылыс материалы төселеді.»;

95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«95. Объектілердің іргелі ғимараттары су бөлудің, суық және ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесімен жабдықталады.

Пайдаланылатын ауыз су «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 145-бабына сәйкес белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай болады. Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде жергілікті су көздерін пайдалануға рұқсат етіледі. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждары үшін тасып әкелінген суды пайдалануға рұқсат етіледі.

Объектінің жуынатын үй-жайларында орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде су қыздырғыштар орнатылады. Сарқынды суды жинау үшін кәріз жүйесі болмаған жағдайда қақпағы бар су өткізбейтін шұңқырлар орнатуға рұқсат етіледі. Шұңқырлар толу шамасына қарай тазаланады.»;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу
Дата публикации
18 мая 2022