«Облыстық бюджеттерге ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін кредит берудің 2022 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына сәйкес «Облыстық бюджеттерге ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін кредит берудің 2022 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.

Қаулы жобасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға микрокредит беру арқылы мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын пайдалану тиімділігін арттыру көзделеді.

Жобаны іске асыру 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте 006 «Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерге кредит беру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген 40 млрд.теңге қаражат шегінде қаржылық шығындарды талап етеді. Республикалық бюджет комиссиясының 2022 жылғы 5 сәуірдегі шешімімен аталған қаражатты бөлуге қолдау көрсетілді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларды болжамайды.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14089372 2022 жылы 6 мамырда орналасқан.

«Облыстық бюджеттерге ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін кредит берудің 2022 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
Дата публикации
06 мая 2022