«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі талаптарын айқындау туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі талаптарын айқындау туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) 2022 жылы көктемгі егіс және жинау жұмыстарын өткізуге кредит беру жолымен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау мақсатында әзірленді.

Жобаны іске асыру 262 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген 70 000 000 000 (жетпіс миллиард) теңге көлеміндегі қосымша қаражат шегінде қаржы шығындарын талап етеді.

Бюджеттік кредит қаражатының негізгі тұтынушысы – агроөнеркәсіптік кешен субъектілері болып табылады, қаражат «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға «Кең дала» бағдарламасы бойынша кредит түрінде ұсынылатын болады.

Қаулы жобасын қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары жоқ.

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі талаптарын айқындау туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы
Дата публикации
12 апреля 2022