Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына
(бұдан әрі – қарыз алушы) «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы _____мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 262 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 70000000000 (жетпіс миллиард) теңге сомасында бюджеттік кредит (бұдан әрі – кредит) берілсін.
- Қарыз алушыға кредит берудің мынадай негізгі шарттарын шарттары айқындалсын:
1) кредит берудің мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады;
2) кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 2023 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімге жылдық 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызға тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;
3) кредитті игеру кезеңі әкімші қаражатты Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі қарыз алушының шотына не қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына аударған күннен басталады және 2022 жылғы
1 желтоқсанда аяқталады.
4) Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қаржыландыру үшін пайдаланылған меншікті/тартылған қаражатты алмастыру.
- Кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі қосымша талаптар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредит шартында белгіленеді.
- Қазақстан Республикасының Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктері және қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады.
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 4-тармағында көрсетілген кредит шартын жасасуды;
2) кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов