«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 945 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы ЕТЕДІ:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021–2030 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021–2030 жылдарға арналған даму стратегиясында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2021–2030 жылдарға арналған даму жоспары»;
мазмұнындағы он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бөлім. Даму жоспарын іске асыру тәуекелдері және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар»;
«Кіріспе» бөлімінде:
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 2021–2030 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі – Даму жоспары) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын ескере отырып әзірленді, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының миссиясын, оның пайымын, 2030 жылға дейінгі қызметтің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін және түйінді көрсеткіштерін айқындайды.
Даму жоспарын әзірлеу кезінде мыналардың мақсаттары мен міндеттері ескерілген:»;
жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 521 Жарлығы редакциясындағы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары (бұдан әрі – 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспары);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – АӨК дамыту тұжырымдамасы);»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – АӨК Ұлттық жобасы).»;
«Ағымдағы ахуалды талдау» деген 1-бөлімнің 1-кіші бөлімінің
1-тарауында:
бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында бүкіл ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымында (2019 жылы 22,14 млн га) негізгі үлесті (69,6 % немесе 15,4 млн га) дәнді дақылдар алады.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымындағы астық өндірісінің үлесі – 17,3 % немесе 0,8 трлн. теңгені (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2018 жылғы деректері) құрайды.»;
бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Бидайдың үлесі басқа дақылдардың үлесінен басым болып келеді, оның үлесіне барлық егістіктің 51,6 %-ы (2019 жылы 11,4 млн. га) және дәнді дақылдардың жалпы өнімінің 65,7 %-ы (2019 жылы 11,5 млн. тонна) тиесілі.
Қалған дәнді дақылдардың егістік алқаптары (2019 жылғы деректер): арпа – 3 млн. га (барлық дәнді дақылдар егістерінің 19,4 %), сұлы – 245,3 мың га (1,6 %), жүгері – 156,5 мың га (1,02 %), күріш – 102 мың га (0,7 %), басқа дәнді-бұршақты дақылдар – 484,5 мың га (3,1 %) құрайды.»;
«Қазақстан Республикасында 2014 – 2019 жылдардағы дәнді дақылдар өндірісі, млн. тонна» графигі мынадай редакцияда жазылсын:
«»;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Нәтижесінде соңғы 10 жылда бидай алаңы 22,6 %-ға (3,34 млн. га) қысқарды. Зығыр (2 100 %-ға өсу), соя бұршақтары (163 %), мақсары (74 %), сұлы (61 %), арпа (62 %), жүгері (55 %), рапс (50 %) егістері ұлғайды.»;
«2009 және 2019 жылдардағы кейбір дақылдардың егістік алаңдары, мың га» графигі мынадай редакцияда жазылсын:
«»;
он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2019 жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортында бидай мен ұнның үлесі 42 %-ды құрады (1 млрд АҚШ долларына 5,3 млн тонна бидай және 0,4 млрд АҚШ долларына 1,6 млн тонна ұн өткізілді).»;
«Қазақстан Республикасының 2019 жылғы елдер бөлінісіндегі бидай экспорты, мың тонна» графигі мынадай редакцияда жазылсын:
«»;
«Қазақстан Республикасының 2019 жылғы елдер бөлінісіндегі ұн экспорты, мың тонна» графигі мынадай редакцияда жазылсын:
«»;
жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Экспортталатын қазақстандық ұнның негізгі көлемі көбінесе Ауғанстанға жөнелтіледі. 2019 жылы Ауғанстанға 0,9 млн тонна ұн немесе осы кезеңдегі Қазақстан Республикасы ұнының жалпы экспортының 58,3 %-ы (1,6 млн тонна) жеткізілді.»;
қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Астық өңдеу инфрақұрылымы жиынтық қуаты жылына шамамен 10,2 млн тонна ұн өндіретін 324 ұн тарту кәсіпорнынан тұрады. Кәсіпорындардың төмен жүктелуіне байланысты (35-40 %) ұн өндірудің нақты көлемі жылына шамамен 3,3 млн тоннаны құрайды.
Елімізде 3,1 млн тонна құрамажем өндіретін қуаттар бар. Құрамажем өндіру зауыттарының саны шамамен 70 бірлік, олардың нақты жүктелуі орта есеппен 38,1 %-ды құрайды.
Технологиялық желілердің тозуына және өнімділіктің төмен болуына байланысты саланың басқа да отандық өңдеуші кәсіпорындары негізінен өзінің қуаттарының барлық әлеуетін пайдаланбайды, оның ішінде:
жарма өндіретін 49 кәсіпорын: өндірістік қуаты жылына 215,3 мың тонна, нақты жүктелуі 34 %;
макарон өнімдерін өндіретін 45 кәсіпорын: өндірістік қуаты жылына 347,3 мың тонна, нақты жүктелуі 48 %;
тазартылмаған өсімдік майын өндіретін 38 кәсіпорын: өндірістік қуаты жылына 775,9 мың тонна, нақты жүктелуі шамамен 34,4 % және т.б.»;
«Ағымдағы ахуалды талдау» деген 1-бөлімнің 1-кіші бөлімінің 4-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан-2050» стратегиясында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі қатері үшінші сын-қатер болып белгіленді және Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінде сапалы серпіліс жасау мүмкіндіктері айқындалды. Ауыл шаруашылығын жаңғырту жөніндегі міндеттер шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне өсіп келе жатқан жаһандық сұраныс жағдайында егістік алқаптарды ұлғайту, ең алдымен жаңа технологияларды енгізу есебінен егін түсімділігін айтарлықтай көтеруді қамтамасыз ету, әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығының азықтық базасын құру, экологиялық тұстарына баса назар аудара отырып, бәсекеге қабілетті ұлттық брендтер құру қажет. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2050 жылға қарай елдің жалпы ішкі өніміндегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 5 есеге ұлғайтылуы тиіс.
2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспарында АӨК-дегі саясат мемлекеттік ресурстарды неғұрлым ұтымды бөлуге, саясат пен ілеспе шығыстарды саланың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге қайта бағдарлауға, өнімділік драйверлері ретінде білім мен цифрландыруға назар аударуға, жекелеген өндірістерден құн жасау тізбегіне ерекше көңіл бөлуге бағдарланған.
Ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша жеті ірі экожүйені қалыптастыру жоспарлануда. Балық саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспары шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясына мынадай индикаторлар бекітілген:
- үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына жұмсалған шығындары, жалпы шығындардан % (республика бойынша);
- еңбек өнімділігінің өсуі, 2019 жылғы деңгейден 2019 жылғы бағамен өсім % (салалар бойынша: Ауыл шаруашылығы, Орман және балық шаруашылығы).
АӨК дамыту тұжырымдамасы мен АӨК ұлттық жобасы шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясына ауыл шаруашылығы дақылдарын форвардтық сатып алу, дайын азық-түлік тауарларын сатып алу арқылы, оның ішінде оффтейк келісімшарт жасасу, жемдік қорды құру арқылы, құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жемдік астықты өткізу арқылы АӨК субъектілерін қолдау іс-шаралары бекітілген.
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін Қазақстанның орасан зор әлеуеті, 2030 жылға қарай суармалы жерлер көлемін кезең-кезеңмен 3 миллион гектарға дейін ұлғайту және фермерлерге өз өнімін сыртқы нарықтарға шығарып сатуға қолдау көрсету қажеттігі айтылған.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 31 наурыздағы мәлімдемесіне сәйкес әкімдіктерге және Үкіметке отандық ауыл шаруашылығы және оның өнімдерін өңдеу кәсіпорындарынан өнімдерді кепілді түрде сатып алу тетігін жолға қою, яғни «форвардтық сатып алуды» немесе «түсетін өнім есебінен сатып алуды» енгізу тапсырылды.
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 сәуірдегі отырысында Мемлекет басшысы Үкіметке форвардтық сатып алу тетігін, қаржыландыру сомасы мен көздерін жедел бекітуді, оларды іске асыруды, сынақтан өткізуді, ал нәтижесі табысты болған жағдайда ауқымын кеңейтуді тапсырды.
Осылайша, Азық-түлік корпорациясының қызметі мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұратын құжаттарында және Мемлекет басшысының тапсырмаларында белгіленген АӨК саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылады.»;
«Қызметтің стратегиялық бағыттары» деген 3-бөлімнің 4-кіші бөлімінде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі нарықтың азыққа деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, сондай-ақ шұғыл жағдайлар туындаған жағдайда (құрғақшылық және ішкі нарықтағы азық бағасының күрт тапшылығы мен өсуінің себебі болып табылатын басқа да факторлар) нарықты тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында бюджеттік инвестициялар қаражаты есебінен 200 мың тонна көлемінде тұрақты жұмыс істейтін жемдік қорды құру жоспарлануда.»;
бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Жемдік астық жаңа өнім түскенге дейін бүкіл маусым бойы құс және мал шаруашылықтарына нарық қатысушыларының өтінімдері негізінде белгіленген баға бойынша жеткізілетін болады. Корпорацияның жемдік қорынан алынған астық балық шаруашылығы субъектілері үшін де қолжетімді болады. Жемдік астықты сатудан түскен қаражат жемдік қорды одан әрі қолдауға бағытталатын болады.
Құс шаруашылығы мен мал шаруашылығы кәсіпорындарын, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерін сапалы азықпен қамтамасыз ету мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық сатып алу арқылы құрамажемді өндіру үшін отандық өңдеу зауыттарын қаржыландыратын, сондай-ақ оларға жемдік астықты жеткізетін болады.»;
жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметтің түйінді көрсеткіштері:
құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астықтың көлемі, мың тонна»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«тиісті жылдың 31 желтоқсанына жемдік қордың көлемі, мың тонна.»;
мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жемдік қорының астығы акваөсіру субъектілерін азықпен қамтамасыз етуге, демек балық өнімдерін өндіру көлемінің өсуіне ықпал ететін болады.»;
«Қызметтің негізгі көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегиялық даму бағыттары шеңберінде әрбір стратегиялық мақсат үшін Даму жоспары қызметінің түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК) белгіленген.»;
кестенің реттік нөмірі 16-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
5 |
Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астық көлемі |
мың тонна |
55 |
90 |
100 |
110 |
120 |
130 |
140 |
150 |
160 |
170 |
180 |
»;
кесте мынадай мазмұндағы 17-жолмен толықтырылсын:
«
|
6 |
Тиісті жылдың 31 желтоқсанына жемдік қордың көлемі |
мың тонна |
|
|
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
200 |
»;
кестенің реттік нөмірі 19-жолының 1-бағанындағы «6» саны «7» санымен ауыстырылсын;
кестенің реттік нөмірі 26-жолының 1-бағанындағы «7» саны «8» санымен ауыстырылсын;
кестенің реттік нөмірі 27-жолының 1-бағанындағы «8» саны «9» санымен ауыстырылсын;
кестенің реттік нөмірі 28-жолының 1-бағанындағы «9» саны «10» санымен ауыстырылсын;
кестенің реттік нөмірі 30-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
11 |
Корпоративтік басқаруды бағалау |
% |
77 |
78 |
|
|
85 |
|
|
90 |
|
|
93 |
»;
кесте мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 31-жолмен толықтырылсын:
«
|
12 |
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі |
% |
|
|
|
7 |
7 |
7 |
15 |
15 |
15 |
30 |
30 |
»;
5-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бөлім. Даму жоспарын іске асыру тәуекелдері және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар»;
5-бөлімде: бірінші абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Даму жоспарын іске асыру сыртқы орта факторлардың әсеріне ұшырайтын болады.»;
кестенің реттік нөмірі 18-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындарының және балық шаруашылығы субъектілерінің бұдан бұрын мәлімделген көлемдерге сәйкес жемдік астықты сатып алу бойынша міндеттемелерді орындамауы»;
кестенің реттік нөмірі 18-жолының 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдармен жасалатын меморандумдарда және құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарымен және балық шаруашылығы субъектілерімен жасалатын шарттарда жемдік астықтың мәлімделген көлемдерін белгіленген баға бойынша (нарықтық бағадан жоғары емес) кепілді сатып алудың қарсы міндеттемелерін, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындамаған кәсіпорындарға Корпорацияның жемдік қорынан астықты сатып алудың одан арғы бағдарламаларына қатысуға тыйым салатын шарттарды бекіту»;
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясының стратегиялық картасы» деген 1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Р/с № |
СМЖ бірінші деңгейдегі құжат |
СМЖ бірінші деңгейдегі құжат |
СМЖ бірінші деңгейдегі құжат |
Даму жоспарында көзделген Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ҚТК-сі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары: 1) үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына жұмсалған шығыстары, республика бойынша жалпы шығыстардан % 2018 ж. - 48,5, 2019 ж. - 50, 2020 ж. - 56,4, 2021 ж. - 53,1, 2022 ж. - 49,8, 2023 ж. - 46,6, 2024 ж. - 43,3, 2025 ж. - 40. 2) еңбек өнімділігінің өсуі, 2019 жылғы бағамен 2019 жылғы деңгейден өсім % : республика бойынша 2019 ж. - 0, 2020 ж. - ( - ) 2,6, 2021 ж. - 0,4, 2022 ж. - 4,7, 2023 ж. - 10,4, 2024 ж. - 15, 2025 ж. - 20,6. салалар бойынша: ауыл шаруашылығы 2019 ж. - 0, 2020 ж. -7,6, 2021 ж. - 23,9, 2022 ж. - 39,1, 2023 ж. - 52,9, 2024 ж. - 64,9, 2025 ж. - 75,7. орман және балық шаруашылығы 2019 ж.- 0, 2020 ж. - ( - ) 5,7, 2021 ж. - 8,5, 2022 ж. - 21,9 , 2023 ж. - 33,9, 2024 ж. - 44,5, 2025 ж. - 53,9. |
АӨК дамыту тұжырымдамасы: - «200 мың тонна көлемінде жем қорын құру» іс-шарасы; - «форвардтық сатып алу бағдарламалары арқылы егіс алқаптарын әртараптандыруды дамыту» іс-шарасы; - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның дайын азық-түлік тауарларын (қант), оның ішінде оффтейк-келісімшарт жасасу арқылы сатып алуы» іс-шарасы. АӨК Ұлттық жобасы: - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның жемдік астықты құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындарына және балық шаруашылығы субъектілеріне өткізуі» іс-шарасы; өткізу көлемі, 2021 жыл – 90 мың тонна, 2022 жыл – 100 мың тонна, 2023 жыл – 110 мың тонна, 2024 жыл – 120 мың тонна, 2025 жыл – 130 мың тонна; - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның дайын азық-түлік тауарларын сатып алуы, оның ішінде офф-тейк келісімшарт жасасу арқылы сатып алуы (қант)», іс-шарасы 2024 ж. - 26 741 952 мың теңге; қант сатып алу көлемі, 2024 жыл-157 мың тонна; - «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау бойынша көктемгі дала және егін жинау жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін кредит беру (қысқа мерзімді/орта мерзімді бюджеттік кредит және форвардтық сатып алу)» «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының іс-шарасы, 2021-2025 жылдар - жыл сайын 70 000 000 мың теңге. |
АШМ-ныің 2020 – 2024 годы жылдарға арналған даму жоспары: 1) Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі (2019 жылғы деңгейден 2019 жылғы бағасында өсу %-ы), 2020 ж. – 4,9, 2021 ж. – 23,9, 2022 ж. – 39,1, 2023 ж. – 52,9, 2024 ж. – 64,9; 2) АӨК өнімдері экспортының көлемі (млрд. АҚШ долл), 2020 ж. – 3,1, 2021 ж. – 3,9, 2022 ж. – 4,6, 2023 ж. – 4,9, 2024 ж. – 5,6; 3) Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсімі (2019 жылғы деңгейден 2019 жылғы бағасында өсу %-ы), 2020 ж. – 15, 2021 ж. – 22,8, 2022 ж. – 31,8, 2023 ж. – 43,1, 2024 ж. – 53,9. |
1) Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі; 2) ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі; 3) Форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша қаржыландырылған егістік алқаптар; 4) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламалары бойынша АШТӨ сатып алған жоғары сапалы тұқымның көлемі; 5) Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астықтың көлемі; 6) Тиісті жылдың 31 желтоқсанына жемдік қордың көлемі; 7) Стратегиялық өткізу нарықтарына астықты тиеп-жөнелтудің ең аз көлемі, оның ішінде; 8) ROE; 9) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға жасалатын инвестициялар; 10) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі еңбек өнімділігі; 11) Корпоративтік басқаруды бағалау; 12) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшы лауазымдардағы әйелдердің үлесі. |
»;
2-қосымшада: 4-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 1-ҚТК. Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астық көлемі.»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«есептік жылы құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілерінің өтінімдері бойынша жеткізілген Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астығының көлемі.»;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«2) 2-ҚТК. Тиісті жылдың 31 желтоқсанына жемдік қордың көлемі.
ҚТК жемдіқ қорды сақтап тұру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарында азықтық мақсаттарға астықтың бар болуын мониторингтеу үшін есептеледі.
ҚТК есептеу формуласы:
тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күй бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясына меншік құқығында тиесілі азықтық мақсаттарға арналған астық көлемі.»;
6-тармақта:
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бөгде ұйым шарттық негізде 3 жылда бір рет жүргізетін корпоративтік басқарудың диагностикасының компоненттері бойынша орташа арифметикалық мән.»;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«2. 2-ҚНК. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесі.
ҚНК Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық органдарында әйелдердің болу деңгейін анықтау үшін есептеледі.
ҚНК есептеу формуласы:
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрамындағы әйелдер саны/Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің жалпы саны *100.».
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |