БҰЙЫРАМЫЗ:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының
3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидалары және тексеру парақтарына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.»;
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өрескел бұзушылық – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке алып келетін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу, жануарлар мен адамдардың улануына алып келетін ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыруға, сынамаларды іріктеуге қойылатын талаптарды сақтамау, ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізбеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізбеу, шағымдар мен арыздардың болуы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринария саласындағы талаптарын бұзу.»;
Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарының 11 және 12-қосымшалары осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Бірлескен бұйрықпен бекітілген 12 және 13-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |