2020 жылғы желтоқсандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы ақпарат

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статитика бюросының мәліметтері бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының өсуі жылдың басынан бері – 11 %-ды, айдың басынан бері – 1,8 %-ды құрады.

Айдың басынан бері бағалардың өсуі келесі тауарлар бойынша байқалды:

- күнбағыс майы – 10,2 %;

- қант – 5,5 %;

- картоп – 3,0 %;

- қырыққабат – 2,6 %;

- қарақұмық жармасы – 2,4 %;

- 1-санатты жұмыртқа – 1,9 %;

- тұзда – 1,0 %;

- сары май – 0,9 %

- пастерленген сүт – 0,5 %;

- айран – 0,4 %;

- рожки – 0,4 %;

- 1-сортты бидай ұны – 0,2 %;

- ірімшік – 0,2 %;

- сиыр еті – 0,1 %;

Бағалардың төмендеуі келесі тауарлар бойынша байқалды:

- сәбіз – 1,2 %;

- тауық еті – 0,8 %;

- 1-сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 0,6 %;

- басты пияз – 0,3 %;

- күріш – 0,1 %.

Өңірлер бойынша бағалардың ең жоғары өсуі келесі қалаларда байқалды: Атырау – 2,7 %, Ақтау –  2,5 %, Көкшетау – 2,5 %, Петропавловск – 0,7 %.

2020 жылғы желтоқсандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы ақпарат
Дата публикации
08 января 2021