ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәліметтері бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының өсуі жылдың басынан бері – 10,2 %-ды, айдың басынан бері – 0,6 %-ды құрады.
Айдың басынан бері бағалардың өсуі келесі тауарлар бойынша байқалды:
- қырыққабат – 12,6 %;
- басты пияз – 8,4 %;
- күнбағыс майы – 4,4 %;
- тауық еті – 3,4 %;
- сиыр еті – 2,2 %;
- қарақұмық жармасы – 2,0 %;
- 1-санатты жұмыртқа – 1,9 %;
- қант – 1,0 %;
- 1-сортты бидай ұны – 0,5 %;
- 1-сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 0,4 %;
- рожки – 0,2 %;
- тұзда – 0,2 %;
- сары май – 0,2 %;
- ірімшік – 0,1 %.
Бағалардың төмендеуі келесі тауарлар бойынша байқалды:
- картоп – 20,5 %;
- сәбіз – 4,6 %;
- күріш – 0,5 %;
- айран – 0,2 %.
Өңірлер бойынша бағалардың ең жоғары өсуі келесі қалаларда байқалды: Қызылорда – 2,4 %, Қостанай – 1,8 %, Туркестан – 1,7 %, Ақтау – 1,7 %.