ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының өсуі жылдың басынан бері – 4,5 %-ды, айдың басынан бері – 1,4 %-ды құрады.
Айдың басынан бері бағалардың өсуі келесі тауарлар бойынша байқалды:
- картоп – 12,2 %;
- сәбіз – 10,5 %;
- қант – 2,8 %;
- басты пияз – 2,6 %;
- күнбағыс майы – 2,5 %;
- тауық еті – 1,2 %;
- қарақұмық жармасы – 1,2 %;
- 1-сортты бидай ұны – 0,7 %;
- сиыр еті – 0,5 %;
- ірімшік – 0,2 %.
- сары май – 0,3 %
- айран – 0,3 %;
- пастерленген сүт – 0,2 %;
- қырыққабат – 0,2 %;
- 1-сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 0,2 %;
- тұзда – 0,2 %.
Бағалардың төмендеуі келесі тауарлар бойынша байқалды:
- күріш – 1,6 %;
- рожки – 0,4 %;
- 1-санатты жұмыртқа – 0,1 %;
Өңірлер бойынша бағалардың ең жоғары өсуі келесі қалаларда байқалды: Нұр-Сұлтан – 2,9 %, Шымкент – 2,2 %, Атырау – 2,1 %, Өскемен – 1,8 %.