2021 жылғы мамырдағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы ақпарат

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының өсуі жылдың басынан бері – 5,9 %-ды, айдың басынан бері – 1,3 %-ды құрады.

Айдың басынан бері бағалардың өсуі келесі тауарлар бойынша байқалды:

- сәбіз – 15,1 %;

- картоп – 11 %;

- күнбағыс майы – 3,2 %;

- басты пияз – 2,9 %;

- қырыққабат – 2,7 %;

- қарақұмық жармасы – 1,6 %;

- қант – 1,2 %;

- сары май – 1 %

- айран – 0,6 %;

- рожки – 0,6 %;

- тұзда – 0,5 %;

- 1-сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 0,4 %;

- тауық еті – 0,3 %;

- 1-сортты бидай ұны – 0,3 %;

- пастерленген сүт – 0 %;

- сиыр еті – 0 %;

- ірімшік – 0 %;

Бағалардың төмендеуі келесі тауарлар бойынша байқалды:

- 1-санатты жұмыртқа – 2,6 %;

- күріш – 0,7 %.

Өңірлер бойынша бағалардың ең жоғары өсуі келесі қалаларда байқалды: Нұр-Сұлтан – 2,1 %, Талдықорған – 1,9 %, Ақтөбе – 1,7 %, Павлодар – 1,6 %.

Информация2021 жылғы мамырдағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы ақпарат о ценах на социально-значимые продовольственные товары за май 2021 года
Дата публикации
10 июня 2021