ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының өсуі жылдың басынан бері – 3 %-ды, айдың басынан бері – 0,4 %-ды құрады.
Айдың басынан бері бағалардың өсуі келесі тауарлар бойынша байқалды:
- 1-санатты жұмыртқа – 6,9 %;
- картоп – 4,9 %;
- күнбағыс майы – 3,5 %;
- басты пияз – 2,9 %;
- қырыққабат – 2,3 %;
- қант – 1,1 %;
- қарақұмық жармасы – 1,0 %;
- пастерленген сүт – 0,5 %;
- айран – 0,4 %;
- ірімшік – 0,4 %.
- сары май – 0,3 %
- рожки – 0,2 %;
- 1-сортты бидай ұны – 0,2 %;
Бағалардың төмендеуі келесі тауарлар бойынша байқалды:
- сәбіз – 3,2 %;
- тауық еті – 0,4 %;
- күріш – 0,8 %;
- тұзда – 0,1 %.
Өңірлер бойынша бағалардың ең жоғары өсуі келесі қалаларда байқалды: Көкшетау – 2,3 %, Талдықорған – 0,9 %, Семей – 0,7 %, Атырау – 0,7 %.