Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына: 

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомстволарының қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесінде, сондай-ақ облыстық аумақтық бөлімшелердің қарамағындағы аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшелердің тізбесінде:

20, 42, 48, 54, 62, 80, 82, 102, 103, 108, 120, 121, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 148, 149, 161, 162, 178, 179, 180, 195, 211 және 212-тармақтар алып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 қаулысына: 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесiнде:

20, 42, 48, 54, 62, 80, 82, 102, 103, 108, 120, 121, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 148, 149, 161, 162, 177, 178, 179, 194, 210 және 211-тармақтар алып тасталсын.

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                        А. Мамин

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы
Дата публикации
17 ноября 2021