«Қазақстан Республикасында тексерулеге және профилактикалық
бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 229 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулының жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2020 жылғы 20 қазандағы № 37 хаттамасының (бұдан әрі – Хаттама) 1.2.5-тармағын орындау мақсатында әзірленген.
Хаттаманың көрсетілген тармағына сәйкес Министрлікке мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бақылау объектілеріне бару арқылы тексерулер мен бақылау мен қадағалау профилактикалық ветеринариялық және фитосанитариялық түрлерін мораторийдің қолданысынан шығару мәселесін пысықтау тапсырылды.
Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзу мақсатында тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді, сондай-ақ, ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды мораторийдің қолданысынан шығару бөлігінде толықтыру енгізу болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де салдарларға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.