Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық мекемені қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық мекемені қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы                                                                  Е. Қарашөкеев

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық мекемені қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Дата публикации
19 августа 2021