«Қазгидромет» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының деректеріне сәйкес ағымдағы жылы облыс аумағында өсімдіктердің өсетін мезгілінде аңызақпен бірге қатты атмосфералық құрғақшылық орын алды, мынадай аудандарда: Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған және Қызылорда қаласында жауған жауын-шашынның мөлшері нормадан 14%-ды құрады.
Өңірде қалыптасқан құрғақшылық жағдайына байланысты Қызылорда облысы әкімінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 06-4/3788 хаты негізінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау шеңберінде Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын күтіп-бағуға арналған жемшөп құнын арзандату мақсатында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі-жоба) әзірленді.
Аталған шара Қызылорда облысында алдағы қыстауға мал азығымен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басының сақталуына мүмкіндік береді.
Қаулы жобасын қабылдау теріс құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.