Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті бөлімшелерінің көлік құралдары.»;
мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бөлімшелерінің көлік құралдары.»;
ескертпенің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік күзет қызметінің, ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі істер органдарының жедел қызметтерінің, экономикалық тергеу қызметінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар департаментінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бөлімшелерінің көлік құралдарында арнайы түсті-графикалық бояулар, таным белгілері мен жазулары болмауы да мүмкін.».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин