«Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы
Аталған Үкіметтің қаулы жобасымен 425 метрге дейінгі горизонттағы Стрежан кен орнының полиметалл және жез-колчедан кенін өндірістік дайындау үшін Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінен жалпы алаңы 18,91 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстыру қарастырылған.