Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Құрметті кеңеске қатысушылар!
2-слайд
Ағымдағы 2019 жылы егін жинау жұмыстары уақтылы басталды және облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес дәнді дақылдардың 15,2 млн. гектар жалпы алқабының 15,1 млн. гектары жиналды, бұл 99,2%-ды құрайды.
Гектарына 12,6 центнер орташа өнімділікте
19,1 млн. тонна астық бастырылды.
Ағымдағы жылы жаз маусымы ыстық және құрғақ болуы дәнді дақылдар өнімділігінің төмендеуіне себеп болды.
Нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуі күтілуде.
Жаздың аптап ыстығынан басқа, егін жинау жұмыстары барысында ұзақ мерзімді (жалпы есеппен 15-20 күн) жауын-шашын болды, бұл өз кезегінде астықтың сапасына да, өнімділігіне де әсер етті.
Алдын-ала есептер бойынша ағымдағы жылы дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта 19 млн. тоннаны құрауы мүмкін, бұл 2018 жылғы өніммен салыстырғанда 2 млн. тоннаға кем.
3-слайд
Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес ағымдағы жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша 1,9 млн. тонна тұқым құйылды, бұл жоспардың 99%-ын құрайды, соның ішінде Қостанай облысы бойынша тұқым құю 98% аяқталды.
Тұқым құю бойынша жұмыстар жалғасуда. Облыстар әкімдіктерінің деректеріне сәйкес тұқым жетіспеушілігі болмайды.
4-слайд
Жалпы жиналған жаңа өнімнен 2,9 млн. тонна элеваторларға келіп түсті, оның 1,8 млн. тоннасын бидай, 700 мың тоннасын арпа құрайды.
5-слайд
Жедел деректерге сәйкес, элеваторларға келіп түскен бидайдың 80%-ға жуығы азық-түліктік, 20% - мал азықтық және техникалық мақсатқа арналған бидай. Өткен жылы азық-түліктік бидайдың көлемі 93% болған.
Экспорт
6-слайд
Биылғы 2019/20 маркетингтік жылы дәнді дақылдар өндірісінің азаюына байланысты, экспорттық әлеует өткен жылмен салыстырғанда шамамен
3 млн. тоннаға төмендеуі мүмкін.
Бұл ретте, экспорттық бағыттарды кеңейтуге бағытталған өткен жылғы стратегиядан ағымдағы жылдың экспорттық стратегиясы өзгеше болады.
7-слайд.
Бұл маусымда негізгі мақсат Орталық Азия елдері (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан), Ауғанстан және Иран тәрізді дәстүрлі өткізу нарықтарындағы қазақстандық астықтың орнын сақтап қалу болып табылады.
Аталған елдердегі жоғары өнімге байланысты дәстүрлі импорттаушы елдердің сұранысы да төмендегенін айта кеткен жөн.
Осыған байланысты осы бағыттарда бидай мен ұнның 5 млн. тоннадан кем болмайтын орташа жылдық көлемін экспортқа шығаруды қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар, қол жеткізілген келісімдер (хаттамаларға қол қою) аясында перспективті Қытай бағытында жоғары сапалы Hi-Pro бидайын, арпаны экспорттау қарқынын ұстап тұру қажет.
Назарларыңызға рахмет!