Аграрлық ғылым – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатында өсімдіктер мен жануарлардың даму заңдылықтарын, сондай-ақ олардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін зерттейтін кешенді білім саласы. Оның негізгі мақсаты – азық-түлік пен шикізат өндірісінің тиімділігін, сапасын және экологиялық қауіпсіздігін арттыру.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы аграрлық ғылым жүйесін «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ (бұдан әрі – ҰАҒББО) ұсынады. ҰАҒББО-ның негізгі міндеті – ғылыми зерттеулер жүргізу және аграрлық сала үшін кадрлар даярлау арқылы агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық дамуына жәрдемдесу.
ҰАҒББО құрылымына 33 ұйым кіреді, оның ішінде 3 жоғары оқу орны, 11 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми-өндірістік орталық, 17 ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы мен шаруашылық, сондай-ақ 2 сервистік компания бар. ҰАҒББО ұйымдары еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан.
ҰАҒББО және оның еншілес ұйымдарының негізгі қызмет бағыттарына агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологияларды әзірлеу және енгізу, ғылыми білімді трансферттеу және тарату, сондай-ақ еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау жатады.