Артқа

Канафин Таласбек Ахмединұлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Жалпы ақпарат, білімі

1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласында «Астықжан-Қарағанды» ЖШС-нің жүйелік әкімшісі болып бастаған. 

2009 жылдан 2016 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрылымында бас маманнан бастап жетекші инженер, жоба жетекшісіне дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2017–2019 жылдары — ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, бас директорының орынбасары.

2019–2024 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылымында Әкімшілік жұмыс және бақылау департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушыдан бастап Цифрландыру департаменті директорының орынбасарына дейінгі әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2020–2026 жылдары — ҚР Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры қызметін атқарды.

Жұмыс бағыттары