Сарыагаш аудандық қазынашылық басқармасының қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас маман-бас қазынашысы, C-R-4 санаты, 1 бірлік.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті
Түркістан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалды міндеттер
Қаржыландыру жоспарын енгізу, бюджеттер бойынша қаржыландыру жоспарларын орындау, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық келісімдерін тіркеу, бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің шарттарын тіркеу, жүргізілген операциялардың Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін бақылау және ағымдағы бақылау жүргізу, қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу, бағдарламалық-техникалық кешендерді пайдалану жұмыстары,компьютерде жұмыс істей білу, мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.06.2020
- Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Сарыағаш аудандық қазынашылық басқармасы, Түркістан облысы, Сарыагаш ауданы, Сарыагаш қаласы, Исмаилов көшесі, №44
-
8(72537) 2-26-05, 2-27-48,