ҚР ҚМ ІМАК Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы, 1 бірлік (А блогы)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Шымкент қаласы
260615
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТОР СЕРТИФИКАТЫНЫҢ БАР БОЛУЫ ШАРТ
Функционалды міндеттер
Департаменттің ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін жасақтау, Департаменттің және жергілікті атқарушы органдардың ішкі мемлекеттік аудит қызметіне әдістемелік және жедел басшылық жасау. Департамент бойынша тұтастай бақылау қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, ішкі мемлекеттік аудит қызметінің көрсеткіштеріне талдау жасау. «Қаржылық бақылау» жүйесі бойынша ішкі мемлекеттік аудит шаралары қорытындыларын Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне уақытында жолдау. Жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит бойынша өзара әрекеттестікті жүзеге асыру. Тәуекелдерді басқару жүйесінде жұмыс жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін жұмыс барысында сақтау.ҚР ҚМ ІМАК-іне есептілік, түсінікхаттар ұсыну. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)
-
8 (71 72) 71-81-49