"ҚР ҚМ ММЖК Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" ММ кадр және құқық жұмысы бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

Аймақ

Ақмола облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлдардың рұқсат етілген ең көп көлемі 20 Мб-тан, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т. б.) - 5 Мб аспауы тиіс

Функционалды міндеттер

Штатты толтыру рәсімдерін жүргізу, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату жұмыстарын жүзеге асыру, конкурстық тандау жүргізу, біліктілік талаптарын дайындау, жұмыс өтілін санау жұмыстары; Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қайта дайындау, біліктіліктерін арттыру және аттестаттау жұмыстарын ұйымдастыру. Тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және басқару мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын сараптау. Сот органдарында іс қарауда Департаменттің мүддесін ұсыну. Мемлекеттік сатып алуларды өткізуді құқықтық қамтамасыз ету. Сот органдарына талап арыз беру. Департамент қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету. «е-Қаржы» ақпараттық жүйесінде «Кадр» кіші бағдарламасында жұмыс істеу. Департамент қызметкерлерінің қызметіне бағалау жүргізу бойынша үйлестiру жұмыстарын жүзеге асыру. Ведомстволық мұрағатпен байланысты жұмыстардың кешенін жүзеге асыру, істер номенклатурасын құру, қызметтік мақсаттар үшін құжаттамалық мұрағаттық материалдарды қабылдау. Блок- В, Грейд - 4.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.02.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.02.2022 – 11.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.02.2022

Сұхбаттасу орны

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 230 үй, 1 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8 (716-2) 25-11-62