Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы заңнамасы департаменті Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы әдіснамасы басқармасының басшысы С-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау, мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау және дайындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды қарау және олар бойынша қорытындылар дайындау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындыларды дайындау, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарына жалпы басшылық жасау, сондай-ақ баяндамалар, сөйленетін сөздер, мақалалар дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.02.2021 – 22.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.02.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының 4-ші кіреберісі, тел. 8(7172) 75-02-69

Анықтама алу үшін байланыс

750269