Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Бақты» кеден бекетінің бас маманы, № МКД-19-32, А функционалдық блогы
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Абай облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
«Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік қызметті көрсету. «Астана-1» Ақпараттық жүйені қолдана отырып тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру; Жүктерді халықаралық тасымалдау жөніндегі Кеден конвенциясына сәйкес ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарын бақылау; Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік сүйемелдеу; Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді қолдану; Кедендік бақылаудың нысанымен объектілерін анықтау үшін тәуекел санатының басқару жүйесін қолдану арқылы кедендік бақылауды жүргізу; КБТҚ қолданумен тауарлар, автокөлік құралдары, жеке тұлғаларға радиациялық бақылауды жүзеге асыру; Инспекциялық тексеріп қарау кешенін (ИТК) қолдана отырып тауарларды және автокөлік құралдарын сканерден өткізу; Белгіленген тәртіпке сәйкес тауарлар мен көлік құралдарына, қол жүктерге, жолжүкке, жолаушылар көлігіне, жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендік қарау/тексеріп қарау жүргізеді; Жеке тұлғалар өткізген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау; Кедендік құнды айқындау және КО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарларды сыныптау, тауарларды шығарған елін айқындаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру; Тарифтік реттеу шараларын қолдану және тарифтік преференцияларды ұсыну; Кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін бақылау, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру, олардың мемлекет бюджетіне толық түсуін қамтамасыз ету; Көліктік бақылауды жүзеге асыру; Кеден ісі мамандықтары бойынша кәсіби біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізу және де қылмыстың және құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізу; Кеден бекетінің кадрлармен қамтамасыз ету бойынша жұмысын ұйымдастыру, бақылау және жүзеге асыру; Кеден бекетінің әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын жүзеге асыру; Кеден бекетінде тәулік бойы кезекшілікті жүргізу; Қызмет бағыты бойынша статистикалық нысан есептерін дайындау; СЭҚ-қа қатысушылары және азаматтармен кеден ісі мәселелері бойынша консультация және ақпараттандыруды жүргізу; Заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуына бақылау жасау; Лауазымдықнұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.orazai@kgd.gov.kz
- 01.07.2026
- Абай облысы, Семей қаласы, Абай алаңы 3 үй, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтын бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін
-
8(7222) 56-83-73