Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы Әкімшілік басқармасы персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, C-O-5, индекс: ГДУ-04-2-9, (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Кадр жұмысын жүргізу, оның ішінде: кадр
құрамына талдау жүргізу, кадрларға қажеттілікті жоспарлау; БДБ қызметкерлерінің
бос лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу; құрылымдық және штат санын
бекіту бойынша, штаттық кестені, БДБ штаттық орналастыруды жүргізу бойынша
жұмыстар жүргізу; БДБ қызметкерлерін қабылдау, ауыстыру, босату бойынша
құжаттарды ресімдеу; демалыстарды ресімдеу; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын
бақылауды ұйымдастыру; БДБ қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру
бойынша жұмыстар; БДБ қызметкерлерін әскери есепке алуды жүргізу; БДБ
қызметкерлерін марапаттау бойынша жұмыстар жүргізу; БДБ қызметкерлерінің
тәлімгерлігі және тағылымдамасы бойынша жұмыс жүргізу; БДБ қызметкерлерінің
жалақысын есептеу бойынша табель жүргізу; БДБ қызметкерлерінің лауазымдық
жалақысына сыйлықақы және үстемеақы беру бойынша бұйрықтарды ресімдеу;
біліктілік талаптарын, БДБ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, БДБ
құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерді бекіту бойынша жұмысты
ұйымдастыру.
Іс қағаздарын жүргізу, оның ішінде келіп түскен хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, бөлу, кіріс құжаттарын тіркеу, оларды Басқарма басшылығына уақытылы
жеткізуді қамтамасыз ету, оларды есепке алу және талдау. Шығыс құжаттарды
өңдеу, тіркеу, шығыс хат-хабарларды жөнелтуге дайындау, буып-түю, тізілімдерді
жасау, Қазпоштаға жеткізу.
Ведомстволық бақылауды талдау, қашықтықтан бақылау, қызметтік тексерулер
және т.б. жүргізу жолымен жүзеге асыру, өтініштерді қарау, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде есептерді,
құжаттарды лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігінің қарауына, оның
ішінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізе отырып дайындау.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғау, қызметтік міндеттерін
атқару кезінде алынған мәліметтерді сақтау және жария етпеу жөніндегі талаптарды
орындау.
Өзінің лауазымдық міндеттерін, Еңбек және атқарушылық тәртіпті орындау;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.06.2026 – 09.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 мб

Сұхбаттасу күні

12.06.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі («ZOOM» бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 71-81-72