Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Кеден ісі туралы» Кодекстерін, Еңбек Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін білу.

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Тиісті лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда: сәйкесті мамандығы бойынша меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі. Жеке компьютерде  MS Word,  MS Excel бағдарламалары бойынша, Интернетпен, интранет-порталмен, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен және электрондық почтамен жұмыс істей  алу.

 

Функционалды міндеттер

А-Блогы. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналардың және әлеуметтік аударымдардың дұрыс есептелуіне, уақытылы және толық бюджетке аударылуы мәселелері бойынша салық төлеушілерге және уәкілетті органдарға салықтық тексерулер жүргізу. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстарын жүргізу. Кредиторлар комитеті отырыстарына қатысу, жалған және қасақан банкроттықты анықтау жұмыстарын жүргізу. Салық төлеушілердің тапсырған салықтық есептіліктеріне және уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде жалпы және автоматтандырылған камералдық бақылау жүргізу. ҚР салық және басқа да заңдылықтарын бұзған салық төлеушілерді

 

әкімшілік жазаға тарту туралы хаттамаларды толтыру. Жанама салықтарды әкімшіліктендіру жұмысын жүргізу. Салық заңдылығын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Ақпараттық-талдау жұмысының түрлері мен әдістерін және мониторингті білу.Мүліктік табыс алған салық төлеушілерге камералдық бақылау жүргізу.

Тексеру қорытындыларымен қосымша есептелген салық сомалардың (өсімпұл, айыппұлдардың) төленуіне, салық заңдылығының сақталуына бақылау жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақыттылығын қамтамасыз ету. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын дұрыс қолдануына, салық және басқа да төлемдер, МЗТ және ӘА бойынша бересі соманың қысқаруына бақылау жүргізу.ҚР Азаматтық Кодексінің 49 бабына сәйкес салық төлеушілерді банкрот деп тану, таратылу бойынша істерін сот органына жолдау. Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту туралы шешімдерді, сондай–ақ салықтарды және (немесе) төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгертуден бас тарту туралы шешімдерді қабылдау

Ішкі тәртіп талаптарын, этика, мемлекеттік қызметшінің Әдеп Кодексін, еңбек және орындау тәртібін сақтау. Басқарманың бөлімдерімен, облыстық Департаментпен, екінші деңгейдегі банктермен, салық төлеушілермен мемлекеттік, атқарушы, орындаушы, құқық қорғау, уәкілетті органдармен өзара әрекеттер жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.06.2026 – 09.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.06.2026

Сұхбаттасу орны

улица Домалак Ана, здание 207, село Кордай, Кордайский район, Жамбылская область

Анықтама алу үшін байланыс

8(72636)21231