ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша МКД Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Регламентте көрсетілген мерзімде салықтық өтініштерді қабылдау, енгізу және өңдеу және ҚР заңында көрсетілген мерзімде шығыс құжаттарын беру. Дара кәсіпкерлерді, заңды және жеке тұлғаларды қабылдау және кеңес беру. Күту мерзімінің стандартын сақтай отырып электронды кезек жүйесінде қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсету.440.00; 328.00; 328.00 салық есептілігін нысанын қоспағанда  Регламентте көрсетілген мерзімде салық есептілігін нысанын қабылдау және мәліметтір базасына енгізу.Салық есептіліннің нысанын тапсыру бойынша салықтық міндеттемерді орындау мақсатында салық төлеушілердің дербес счеттарын тексеру, тапсырылмаған салық есептілігі бойынша хабарлама жіберу және есеп айрысу счетін бұғаттау.Салық төлеушілерге хабарлама жібереді. Салық төлеушілерге хабарлама жібереді. Салық төлеушілерге хабарлама жібереді. Хабарламаларға уақыттылы мәртебесін қою.Салық заңдылығын түсіндіру. Тоқсан сайын 2 Н есебін жасау.Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік өндіріс қозғау фактілерін әкімшілік өндіріс бойынша құжат айналым ЭКНА программасына тіркеп енгізу. ҚР ӘҚБК сәйкес құқық бұзған салық төлеушіге анықтамалық хат жіберу. Ақпараттық есеп құжаттарын БУСЖ АЖО («Бірыңғай Унифициалды Статисткалық жүйесі» Автоматтандырылған жұмыс орны) деректер қорына енгізу және қою (ф.1-АВ, 1-АП карталарын, хабарламаларды, ҚР ӘҚБК 894 және 895 бабына сәйкес айыппұлды өндіру қаулысын беру уақытын, айыппұлды мәжбүрлеп өндіру қаулысын орындау уақытын, мәжбүрлеп өндірілген айыппұл көлемін толтыру).Әрекетсіз салық төлеушілердің тізімін жасап бұйрық шығару және бұйрықты ҚР БСАЖ енгізу. Әрекетсіз салық төлеушілердің тізімін шығару үшін анықтамалық хат жіберу. Әрекетсіз салық төлеушілерді тізімінен салық төлеушілерді шығарылған бұйрық негізінде уақытылы тізімнен шығару.Салық кодексінің 93 бабына сәйкес әрекетсіз салық төлеушілердің мәжбүрлі түрде тарату және сотқа талап арыздарды жіберу жұмысы.Салық кодексінің 67 бабының 1) 2) тармақшасының 5-тармағына сәйкес оңайлатылған түрде тоқтатылатын дара кәсіпкерлерді тіркеу есебінен шығару. Салық кодексінің 66, 68, 69 бабтарына сәйкес қызметін тоқтату және салықтық тексеріс жүргізу өтінішін қабылдау және уақытылы салықтық аудит бөліміне (камералдық бақылау бөлімі) жеткізу. Бейрезидент заңды тұлға және олардың  филиалдарын  тiркеу. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi  ретінде тіркеу есебіне қою және беру.Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті  түрде қоюға түзету енгізу, АСР қолдану, қызметін жандандыру туралы хат жазу. Қабылдау, өңдеу орталық журналы бойынша салық өтініштерінің уақыттарын сақтау.Тіркеу мәліметі жарамсыз деп табылған салық төлеушілердің іс-шарасын орындау (ЦЭҚ жою, ҚҚС тіркеу есебінен шығару, мәртебесін қою, сайтқа жіберу үшін ҚКД бағыттау). Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың отініштерін уақытында қарастыру, тәртібін сақтау; бөлімнің құзіретіне жататын мемлекеттік, мемлекеттік емес, сонымен бірге, құқықтық органдардың сұрақтарының өзара әрекеттілігі. Басқарма Басшысының тапсырмасын, бақылау құжаттарын, құжаттардың сақталуын және қызметтік, салықтық құпияға жататын ақпараттардың таратылмауын, берілген тапсырманың  сапалы және уақытында орындалуын қадағалау. Салық есептілігін ұсынуды тоқтату (ұзарту) салықтық өтінішін қабылдау және заң талаптарына сай шешім шығаруын тексеру. Заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан жойылуы бойынша хабарламаны растау. (қосылу, таратылу, бірігу). ҚҚС бойынша оңайлатылған автоқайтару қызметін ұйымдастыру. (барлық дербес шоттарын қалпына келтіру, ҚР БСАЖ деректер қорына соңғы 3 жылғы мәліметтерді енгізу). Салық төлеушілер терминалы жұмысы – салық төлеушіге салық есептілік нысанын электронды түрде жіберу кезінде кеңес беру қызметі. ҚҚС төлеушілерін салықтық тексеру бойынша қызметтік хаттарды сәйкесінше бөлімдерге жіберу.Экстериториалды принцип бойынша қызмет көрсету өтінішін енгізу және өңдеу.Жеке сот орындаушысы тыйымдарын деректер қорына енгізу(шешу). Бейнерезиденттердің табысы туралы анықтама жасау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.Жұмыс уақытында туындаған барлық өндістік хаттармен танысу және орындау.

Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына жатады (4 грейд)

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.06.2026 – 05.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

09.06.2026

Сұхбаттасу орны

город Алматы, микрорайон Шанырак-2, улица Жанкожа батыра 24

Анықтама алу үшін байланыс

8(727) 299-83-59, 8(727) 299-87-07