ҚР ҚМ ІМАК Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маманы - мемлекеттік аудиторы, № ОАФО-2 индексі, "А" блогы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Алматы қаласы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
"Мемлекеттік аудитор" біліктілігі бар мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға қатысу. Белгіленген тәртіпте және мерзімде оның орындалуын қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит объектілерінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын сақтау сұрақтары бойынша аудит жүргізу. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдау. "Е-Қаржымині" "Қаржылық бақылау" кіші жүйесінде ИААЖ-да жұмысты жүзеге асыру. Кәсіби аудиторлық ұйымдардың, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың және жария мүдделі ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау. Өз құзыреті шегінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, өтініштерін және шағымдарын қарау. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін жетілдіру бойынша Департамент басшылығына ұсыныстар дайындау. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» бағдарламасына (бұдан әрі – ӘӨБТ) ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Комитет пен Департамент басшылығының тапсырмаларын және басқа да міндеттерді орындау. Ақпараттық бағдарламалық жүйелермен жұмыс жүргізу (EPS, «eQyzmet», «БҚА Documentolog электрондық бұлтты құжат айналымы жүйесі», «е-Өтініш», «е-Мұрағат»,ӘІЖБТ, ТСОБТ).
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "A" функционалдық блогына (грейд 4) жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ra.omerbaeva@minfin.gov.kz
- Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)
-
8 (71 72) 71-78-10