Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық мониторинг басқармасының № 2 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы, МКД-08-2-1, А функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Департаменттің аумақтық органдарына ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету, Департаменттің және аумақтық органдардың қызметкерлеріне бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялар беру; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастырудың оң тәжірибесін жинақтау және тарату; КТС, КТЖТ, КҚтЖТ және жалған мәмілелерді іске қосу бойынша анықталған сәйкессіздіктер бойынша камералдық бақылау хабарламаларын пысықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылау; талдау нәтижелері бойынша салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша салықтық бақылау шараларын қабылдау; салық төлеушілерге камералдық бақылау (салық мониторингі) жүргізу тәртібі бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына түсініктемелер беру; жүргізілген талдау және бақылау нәтижелері бойынша талдамалық ақпарат беру; Комитетке есептер дайындау және ұсыну; камералдық бақылау хабарламаларын орындау шеңберінде КТС, ЖТС, ҚҚС бойынша азайту фактілерін анықтау және жолын кесу; аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының кешенді және тақырыптық тексерулеріне қатысу; салық төлеуші тексеретін хабарламалардың және салық заңнамасының орындалуының салық заңнамасының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында камералдық бақылау нәтижелері бойынша тақырыптық (жоспарлы, жоспардан тыс) тексерулер жүргізу және салық қызметі органдарының анықталған салық құқық бұзушылықтары фактілерін құжаттамалық растау және оларды салық тексеру актісінде, Абай облысында есепте тұрған заңды тұлғалар мен дара кәсіпкер бойынша көрсету; өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін бағалау өлшемшарттарын есептеу және талдау жүргізу; прокуратура органдарымен, Екінші деңгейдегі банктермен, соттармен және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; құқық қорғау органдарымен салық төлеушілерді іздестіру, сондай-ақ салық төлеуден жалтару фактісі, жалған мәмілелер және бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша материалдарды жіберу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі комитетке ұсыныстарды әзірлеу және жіберу; салық төлеушіні салықтық әкімшілендіру бөлігінде заңнама нормаларын түсіндіруді жүзеге асыру; салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, оның ішінде шет елдермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзырет шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.04.2026 – 27.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 Mb

Сұхбаттасу күні

29.04.2026

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Абай алаңы 3 үй, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтын бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

8(7222) 56-83-73