Қазақстан Республикасы Каржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің бөлім басшысы., Индекс№ 04-1.
ҚР ҚМ ММЖК Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, бөлімге бекітілген қызметінің орындалуына дербес жауапты болады. Өз құзыреті шегінде бөлім маманының жұмысын ұйымдастырады. Бөлімде еңбекті ұйымдастыруды, тиісті еңбек және қызметтік тәртіпті қамтамасыз етеді. Бөлім қызметіне талдау жүргізеді, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды, бөлім қызметкерлерін көтермелеу және жазалау туралы ұсыныстар енгізеді.
Бөлім туралы Ережеде жүктелген төмендегі қызметтерді атқарады:
Департаменттің персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
Департаменттің кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
Департаменттің кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
Департаменттің кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде) арқылы жүргізу;
Департаментте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
Департаменттің кадрларының кәсіби дамыту, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызмет заңнамасына сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;
конкурстық, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде);
кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру;
Департаментте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;
Бөлімнің құзыретіне жататын барлық есептілікті жүргізу және ұсыну;
жұмысшылардың жұмыс Регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек тәртібін сақтау мен орындауына бақылау жүргізу;
Департамент жұмысшыларының жұмыс уақытының есебін жүргізу;
Департамент бұйрықтарын дайындау, есепке алу және тіркеу, еңбек кітапшаларын жүргізу және есепке алу, жұмысшылардың еңбек өтілдерін есептеу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет заңнамасымен белгіленген персоналды басқару жөнінде өзге де функциялар мен міндеттер.
бөлім қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде соттарда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен Департаменттің мүддесін білдіру;
Департамент әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу, оның ішінде, егер оларды Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлейтін болса, келісу арқылы;
заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Департаменттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша басқарма атынан түсініктемелер дайындау;
шарттардың заңнама талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған жағдайда ықпал ету шараларын қолдану;
тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен шарттарды анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу мақсатында Департаменттің қатысуымен талап қою жұмысының, даулар бойынша сот тәжірибесінің жай-күйіне талдау жасау;
заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, барлық сот инстанцияларында Департаменттің пайдасына болмаған сот актісіне шағымдану бойынша шараларды уақтылы қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтінішхатпен прокуратураға;
қолданыстағы Ережелерге сәйкес Департаментте құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың ұйымдастыру және оған бақылау жүргізу;
Департаменттің апараттық кеңестердің ұйымдастыру-техникалық дайындығын жүргізу;
тізілімді рәсімдеужәне арнайы пошта мен фельдъегерлік байланысты жолдау (жіберу);
Департаменттіңжиынтықістерноменклатурасынқұрастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстарды атқару және оның есептілігін жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзыреттерді іске асырады.
Функциональный блок В.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
r.zharylkasymuly@minfin.gov.kz
- Алматы облысы, Іле ауданы, Отеген батыр ауылы, І. Жансугуров көшесі, 86
-
87273895092