ҚР ҚМ ІМАК Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің камералдық бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік аудиторы, 1 бірлік, "А"блогы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

"Мемлекеттік аудитор" біліктілігі бар мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және бөлімнің құзыреті шегінде қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік, орындаушылық және еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын, мемлекеттік аудиторлардың кәсіптік әдеп қағидаларын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада және Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада белгіленген шектеулерді өзіне қабылдау; Департамент басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау; Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға қатысты, оның ішінде Заңда белгіленген уақыт ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін де мәліметтерді жария етпеу; Азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған мәліметтерді құпия сақтауға және заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері қиылысатын немесе олардың өкілеттіктеріне қайшы келетін жағдайларда департамент басшысын дереу хабардар ету; Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Департамент басшылығының назарына немесе Құқық қорғау органдарына дереу жеткізу; Басшылыққа мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлау; Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жалпы және рәсімдік стандарттарын сақтау; "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңда және Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру және Мемлекеттік сатып алуға қатысушылар ұсынған есептік деректердің, материалдар мен ақпараттың дұрыстығын тексеру; Аудиторлық қорытындыда ұсынымдар мен нұсқамаларды міндетті орындау үшін жіберілген деректерге жүйелі негізде мониторинг жүргізу; Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың, хабарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына аудит жүргізуге қатысу.  Аудиторлық есептерге қол қою құқығымен сәйкестік аудитін жүзеге асыруға қатысу: техникалық-экономикалық негіздемені, қаржы-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты шығыстар; республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану, оның ішінде мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыздарды алу шарттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары бойынша мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сақтау депутаттық сауалдарға, сондай ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша; мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, бюджеттік кредиттер беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру, сондай-ақ оларды пайдалану мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерін сақтау; тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік сатып алу, Мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептіліктің және Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес электрондық мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға қатысу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Құзыреті шегінде мамандар ретінде тексеруге және қорытынды беруге қатысу; Прокуратура органының келіп түскен талаптары мен сұрау салуларын, қозғалған қылмыстық іс шеңберінде шығарылған қылмыстық қудалау органының қаулыларын, мемлекеттік аудиторларды тарту туралы сот ұйғарымдарын орындау; Мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, аудит материалдарын қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға уақтылы беру жөнінде шаралар қабылдау, берілген аудит материалдары бойынша шаралар қабылдау туралы ақпарат сұрату; Аудиторлық қызмет және қызмет, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық ұйымдар саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тәуелсіз бақылаушысы ретінде қатысу. Депозитарийге жария мүдделі ұйымдар ұсынатын қаржылық есептіліктің мониторингін жүргізу. Ішкі аудит нәтижелері туралы есепте берілген ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпараттың және мемлекеттік аудит объектісі мен өзге де мүдделі тұлғалар жіберетін растайтын құжаттардың уақтылығы мен толықтығына жүйелі негізде мониторингті жүзеге асыру. Мемлекеттік аудит объектілеріне жіберілетін қалпына келтіруге және өтеуге жататын анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде бюджеттік заңнама, Мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға; Аудиторлық іс – шараларға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ аудит материалдары бойынша әкімшілік іс жүргізуге шағымданған және аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы Нұсқаманы заңсыз деп таныған жағдайда, талап арыздарды жасау және оларды сотқа жіберу, Департаменттің наразылық-талап қою жұмысына қатысу; Департаменттің жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөліміне құжаттарды қоса бере отырып, бірінші деңгейдегі сапаны бақылауды жүргізу үшін жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің/маманның қорытындысының ақпараты мен материалдарын ұсыну; Департаменттің рейтингтік бағасын қалыптастыру үшін ақпарат беру; Тәуекелдерді басқару жүйесінде жұмысты жүзеге асыру және ішкі мемлекеттік аудит/маман қорытындысының нәтижелерін " қаржылық бақылау. "Е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің " тәуекелдерді басқару жүйесі, сондай-ақ РГОП бағдарламасында аяқталған аудиторлық іс-шаралар бойынша талондарды уақтылы жабу; Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға салынған әкімшілік айыппұл сомаларын бюджетке өтеу жөніндегі ақпаратты қызметті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімге уақтылы ұсыну; Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Нормативтік құқықтық актілерді зерделеу бойынша техникалық оқу, жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізу арқылы кеңестерді, семинарларды, дөңгелек үстелдерді, біліктілікті арттыру сабақтарын дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысу. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жүзеге асыру, конференцияларда жариялау және сөз сөйлеу үшін мақалалар, сондай-ақ қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Web-сайтында орналастыру үшін материалдар дайындау; Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің шолу хаттарын және департамент қызметкерлеріне қатысты БАҚ-та және Департамент өткізетін басқа да іс-шараларда жарияланған жағымсыз фактілерді талқылауға қатысу; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттамасын сақтау; Департаментте ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау. Аудит материалдарының қалыптасуына бақылауды, бөлімде істер номенклатурасын ұйымдастыруды және жүргізуді, құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен Департамент мұрағатына беруді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында, Республика Президентінің актілерінде, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде, департаменттің ішкі құқықтық актілерінде және Департамент туралы Ережеде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "A" функционалдық блогына (грейд 5) жатады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.09.2025 – 08.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

11.09.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 71-78-10