Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудиторы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІМАД
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы.
Бейіні бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттарының болғаны жөн.
Бухгалтерлік есеп саласындағы жұмыс өтілінің болғаны жөн.
Функционалды міндеттер
Бюджет бағдарламалары әкімгерлері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің аудитін жүргізу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының рәсімдерін сақтау бойынша аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыру; қажеттілікте және Департамент басшылығының тапсырмалары бойынша сәйкестік аудитін, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына және сәйкестігіне сапаны бақылауды, камералдық бақылауды жүргізу. Аудит материалдарының кейіннен іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру; бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке, заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумдарының) өтініштерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.08.2020
- Петропавл қаласы, Ж. Жабаев көшесі, 241
-
8(7152) 42-52-88