ҚР ҚМ ММЖК Мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде, 17.03.2022 ж. дейін), С - 4 санаты, (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Материалдарды қарау және мемлекет бақылайтын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңестеріне, байқау кеңестеріне қорытындылар дайындауды жүзеге асыру.

Құқық қолдану практикасын талдау жүргізу және республикалық меншікті басқару мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Мемлекеттік мүліктің жұмыс істеуіне және оларды басқару тиімділігіне мониторинг жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру.

Экономиканың базалық салаларындағы ұйымдардың болып жатқан өзгерістері мен даму болжамын талдау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлер бойынша мониторинг объектілеріне қадағалау жүргізу.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының Стратегиялық және Орта мерзімді жоспарларын әзірлеу мен іске асыруда ұсыныстар әзірлеу.

Кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеуге қатысу.

Тізілімнің қосымша көрсеткіштерінің құрамын айқындауға қатысу.

Тізілімнің негізгі және қосымша бөлімшелеріне ақпаратты дайындау мен енгізудің тәртібін айқындауға қатысу.

Тізілімді жүргізу жөніндегі бірыңғай нормаларды, қағидалар мен әдістемелік нұсқауларды бекітуге қатысу.

Экономика секторларында мемлекеттік активтерді басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға уәкілетті мемлекеттік органның Тізілімге қол жеткізуін ұйымдастыру.

Тізілімді тікелей басқаруды жүзеге асыруға, Тізілім деректерін жинақтауға, түзетуге, ақпараттарды пайдаланушыларды және Тізілім   деректерін ұсынудың тәртібін айқындауға байланысты өкімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

Тізілімнің жұмыс істеуін қолдаудың ұйымдастырушылық мәселелерімен байланысты басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Мынадай:

- акционері мемлекет болып табылатын  ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясы мен даму жоспарларын орындау бойынша даму стратегиясын, даму жоспарлары мен есептерін;

- акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын орындау бойынша даму жоспарлары мен есептерін әзірлеу жөніндегі мәселелерді қарау.

Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын орындау бойынша даму жоспарлары мен есептерінің орындалуына талдау жүргізу.

Мынадай мәселелер бойынша:

-  акционері мемлекет болып табылатын  ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясы мен даму жоспарларын орындау бойынша даму стратегиясының, даму жоспарлары мен есептерінің;

- республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын орындау бойынша даму жоспарлары мен есептерінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарауға қатысу.

Комитет, Басқарма басшылығының тапсырмаларын орындау.

Басқарма құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.08.2020 – 11.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан, проспект Победы, 11, административное здание "Министерство финансов Республики Казахстан"

Анықтама алу үшін байланыс

71-78-46, 71-78-94, 71-71-80