Заң қызметі департаменті Нормативтік құқықтық актілерді құқықтық сараптау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282305

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Кеңестер мен отырыстарға материалдар дайындау, жекелеген  нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және талдау жөніндегі жұмыс топтарына қатысу, заң жобаларына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі  актілеріне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің және түрлі салалардағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық сараптаманы талдау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.10.2024 – 14.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.10.2024

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу (ZOOM, QOSYL) қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172-75-02-69