ҚР ҚМ ІМАК Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Атырау облысы
302255
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және оның қызметіне жалпы басшылық ету; Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды орындау бойынша қызметін үйлестіру; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға ораналасуға конкурс комиссиясының жұмысын ұйымдастыру; заңдылықты, еңбек және орындаушылық тәртіпті, төтенше оқиғалар, сыбайлас жемқорлық және басқа құқық бұзушылық деректері бойынша қызметкерлерге қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізуге қатысу; басшылыққа қызметкерлерді тәртіптік жазаға тарту және тәртіптік жазаны алып тастау туралы ұсыныстар енгізу; бөлім қызметкерлерінің қызметін бағалау; соттарда белгіленген тәртіппен Департаменттің мүддесін білдіру; әкімшілік іс жүргізуін үйлестіру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қаралуын және жауап берілуін бақылау, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша деректерді жинауды және талдауды қамтамасыз ету, олардың алдын алу және болдырмау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру; аналитикалық ақпаратты уақытында әрі сапалы дайындауды қамтамасыз ету, ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар беру жұмыстарына қатысу, басшылыққа мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; персоналды басқару бойынша жұмысын ұйымдастыру; бөлімдердің қызметкерлерінің қызметін бағалау жұмыстарын ұйымдастыру; құжат айналымына және бөлімге келіп түсетін жоғары тұрған органдардың, басшылықтың тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау; Департаменттің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне басшылық ету; жұмыс регламентінің орындалуын қадағалау; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін жұмыс барысында сақтау; Қазақстан Республикасы Үкіметі, Министрлік, Комитет және Департаменттің іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету; өткізілетін кеңестердің, алқалардың, семинарлардың ақпараттары мен материалдарын дайындауға қатысу; БАҚ-пен жұмыс жүргізу және Комитеттің WEB-сайтында ақпаратты орналастыруға материалдар жолдап отыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "В" функционалдық блогына (грейд 5) жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ra.omerbaeva@minfin.gov.kz
- 12.04.2024
- Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)
-
8 (71 72) 71-78-10