ҚР ҚМ МКК Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қорғас-ШЫХО» кеден бекетінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 23.04.2026 ж. дейін) C-О-5 санаты (индекс № Қорғас-ШЫХО КБ 1-2-21)
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Жетісу облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Информатика
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Халықаралық жолаушылар автобустарда және жеңіл автокөліктерде жолаушылардың қол жүктері мен жол жүктеріне (бірге алып жүрілетін немесе алып жүрілмейтін) кедендік бақылау және кедендік ресімдеуді жүзеге асыру. ҚБҚ КААЖ-2 жүйесіне ККО мен ЖКД мәліметтер қорын енгізу. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтар және басқа да контрабандалық қылмыс белгілері анықталған жағдайда Кеден бекетінің басшысына/орынбасарына кідірмей мәлімет ету, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша бастапқы шараларын жүргізу. Техникалық реттеу және тарифтік есем реттеу, экспорттық және валюталық, СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуын, тауарлардың шыққан елін анықтау дұрыстығын бақылайды және тарифтік преференцияларды ұсынады. Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуін, сондай-ақ оларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуын немесе жеңілдіктер ұсынады. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды АСТАНА-1 АЖ арқылы жүзеге асыру; Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ісі саласындағы тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын АСТАНА-1 АЖ арқылы қамтамасыз ету; Кеден органдарына жүктелген міндеттер шегінде көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; ҚР ҚМ КБК "Астана-1"ақпараттық жүйені және ТЖБАЖ (АСКДТ) тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолданады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын алдын ала шығырып салуына, тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау жүргізеді. Кеден бекетінің күнделікті, айлық және жылдық есебін әзірлеу. Кеден ісі сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Өзіне заңнамалармен жүктелген, басқа да міндеттерді жүзеге асырады. "А" функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жетісу облысы Талдықорған қаласы Жансүгүров көшесі 113
-
8 (7282) 60-12-45