ҚР ҚМ ІМАК Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Камералдық бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудитордың ассистенті, 2-бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

302255

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңымен және Камералдық бақылау жүргізу қағидаларымен белгіленген тәртіпте камералдық бақылау жүргізу, Камералдық бақылау нәтижелері бойынша, анықталған бұзушылықтарды жою туралы, барлық мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен орындалуы міндетті хабарламалар жіберу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Комитеттің Тәуекелдерді басқару басқармасына камералдық бақылау тәуекелдері бейіндеріне ұсыныстарды сапалы қалыптастыру және жіберу; электрондық мемлекеттік сатып алудың веб-порталында камералдық бақылауды сүйемелдеу және жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай оператормен өзара іс-қимыл, камералдық бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіру. Департамент басшылығына апта сайынғы, тоқсан сайынғы, статистикалық, талдамалық ақпаратты қалыптастыру; Комитетке апта сайынғы, тоқсан сайынғы, статистикалық есептілікті тапсыру және Департамент туралы, бөлім туралы ережеге сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.

Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "A" функционалдық блогына (грейд 5) жатады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.10.2023 – 26.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 71-78-10