Әлеуметтік сала бюджеті департаменті, Білім беру бюджеті басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, (уақытша, негізгі қызметкердің 14.06.24 ж. дейін бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне, сондай-ақ бұл жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327474

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзіреті шегінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заңдардың жобаларын әзірлеуде, сондай-ақ оны түзетуде, секвестрлеуде, тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының жобаларын әзірлеуде, үш жылға арналған бюджет параметрлері болжамын әзірлеу бөлігінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуде, тиісті есепті жыл бойынша республикалық бюджетті атқару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылдық есебінің жобасын қалыптастыруда, бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалауды іске асыру бойынша жұмыста, бюджет заңнамасын жетілдіруде, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингін жүргізуде қатысу. Басқарманың құзіреті шегінде мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдерін қарауды, олар бойынша қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету.

Басқарманың құзіреті шегінде Даму жоспарының, бағдарламалық құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарау және келісу. Басқарманың құзіреті шегінде қосымша қаржы қаражатын бөлуді талап ететін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін қорытындылар дайындау.

Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпаратты, анықтамалаық материалдарды, баяндамаларды дайындау. Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.08.2023 – 22.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

28.08.2023

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу (ZOOM) қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172-75-02-69