«Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының (бұдан әрі – Жоба) жобасына баспасөз релизі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұл жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарды қаржыландыру мақсатында әзірленген.
Бұл жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында 2024 жылғы 3 желтоқсанда орналастырылған.
Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 8 желтоқсанға дейін.